Дарынды ұрпақ» олимпиадасы

«Зейін» және «Қала-ауыл» жобасы бойынша  РҒПО «Дарын» қолдауымен «Дарынды ұрпақ» олимпиадасы Осакаров ауданының білім бөлімі және Осакаров ауданы білім бөлімінің №9 гимназия базасындағы тірек мектебі ресурстық орталығымен бірге бірлесіп өткізілді.

Бүгінгі таңдағы пандемияға байланысты оқушылар олимпиаданы онлайн режимде Google forms арқылы тест тапсырмаларын орындады, zoom платформасы арқылы бейне бақылау жүргізілді.  Олимпиада 12 -17 мамыр аралығында өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты:

-ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтау.

-оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту;

-ғылымда болып жатқан процестерді модельдеу және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Олимпиада аудандық және ауылдық (оқыту қазақ тілінде емес) мектептердегі 4-8 сынып аралығын қамтыды. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, математика,  жаратылыстану, оқу сауаттылғы бойынша өткізілді.

Олимпиада бірнеше бөлімдер бойынша өткізілді:

  1. Бастауыш сынып (4 сынып) олимпиадасы «Дарынды ұрпақ». Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау.
  2. «Әл-Фараби» математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша олимпиада
  3. Орыс тілі және ағылшын тілі пәні бойынша олимпиада
  4. «Қазақ тілінің білгірлері -2021» олимпиадасы.

«Дарынды ұрпақ» олимпиадасы бойынша ауданның 20 мектептебінен 86 оқушы өтінім берді.

Әр пән бойынша олимпиада белгіленген күні өткізілді.

  1. «Қазақ тілінің білгірлері- 2021» қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша – 12 мамыр күні сағат 14.00-15.10 аралығында
  2. «Сауатты оқу» олимпиадасы орыс тілі пәні бойынша – 13 мамыр 14.00-15.10 аралығында
  3. «Сауатты оқу» олимпиадасы ағылшын пәні бойынша – 13 мамыр күні сағат 15.30-16.40 аралығында
  4. «Әл-Фараби» математикалық сауаттылығын дамыту бойынша – 14 мамыр 15.30-16.40 аралығында
  5. «Әл-Фараби» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша – 14 мамыр 15.30-16.40 аралығында
  6. Бастауыш сынып (4 сынып) олимпиадасы «Дарынды ұрпақ». – 17 мамыр 14.00-15.10 аралығында өткізілді.

Оқушылар белсенді қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.  Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын алғандары үшін дипломдармен марапатталды. Қатысқаны үшін оқушыларға сертификаттар ұсынылды. Барлық қатысқан мектеп оқушылары мен оларды дайындаған ұстаздарға алғысымызды білдіріп, шын жүректен құттықтаймыз!

 Осакаровка ауданы №9 гимназия базасындағы  тірек мектебі (р.о) КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Давлетбакова Г.Б.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған