Дағдарыстан экономика секторларында неғұрлым зардап шеккен ШОБ-ты мемлекет қалай қолдайды

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысына сәйкес дағдарыс кезінде неғұрлым зардап шеккен экономика секторларының қызмет түрлерінің тізбесі ұлғайтылды.

Бекітілген өзгерістерге сәйкес, Сovid-19 пандемиясынан туындаған дағдарысқа неғұрлым бейім экономика салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер 2020 жылғы 31 тамызға дейін банктерден алған қолданыстағы несиелер және лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы субсидиялай алады.

Экономиканың зардап шеккен секторлары үшін ЭҚЖ тізімі 29-дан 174 қызмет түріне дейін ұлғайтылды: өңдеу, өндіру, басып шығару, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, тасымалдау, орналастыру қызметтері, мейрамхана қызметтері, басып шығару, кино көрсету, жалға беру және басқалар.

«Қолдау шарттарына сәйкес кәсіпкер номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6% төлейді, ал несие/лизингтік мәміле бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен кәсіпкер төлейтін мөлшерлеме арасындағы айырмашылықты мемлекет төлейді», – делінген «Даму» Қорының ақпаратында.

Кәсіпкерде 2020 жылғы 16 наурызбен салыстырғанда 180 күннен аспайтын қарыз мерзімі бар негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша берешектің болмауы бағдарламаға қатысудың маңызды шарты болып табылады.

Бұл қолдау шарасы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейінгі кезеңге көзделген (субсидиялау кезеңі).

Мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін кәсіпкерлер ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін (қоса алғанда) банкке өтініш жасауы тиіс, содан кейін «Даму» қоры 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктер ұсынған тізілімдер мен өтінімдер нысандарының негізінде субсидиялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

«Даму» КДҚ» АҚ Қарағанды облысы бойынша өңірлік филиалының ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған