Біздің тарихымыз 2014 жыл
Жаңа жылдық мереке соңы, 2014 жылдың бірінші аптасынан ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есептеріне ұласты. Әкімдердің есеп беру жиындарын дәстүрлі түрде аудан әкімі С.Ж. Аймақов ашып, әр ауылдың маңызды проблемаларын хаттамаға енгізіп отырды.
Тұрғындармен кездесуде аудан әкімі 2013 жылдың қорытындысын шығарып, 2014 жылдың міндеттерін белгіледі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы үлкен қызығушылықпен тыңдалды.
2014 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша зейнетақы, студенттер стипендиясы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері өсті. Осакаровка кенті әкімінің аппараты азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша үлкен жұмыс жүргізді, бағаның негізсіз көтерілуіне ден қою бойынша пәрменді шаралар қабылданды. Ауданның азық-түлік дүкендеріндегі бағаларға тұрақты мониторинг жүргізетін жұмыс тобы құрылды, жергілікті кәсіпкерлермен меморандум жасалды. Бағаны тұрақтандырудың тиімді шараларының бірі апта сайынғы жәрмеңкелерді ұйымдастыру болды, коммуналдық базарда азық-түлік бағасы нарық пен дүкендерге қарағанда төмен болды. Дәл осындай жұмыс Молодежный кентінде де жүргізілді.
2014 жыл мерейтойлық даталарға бай болды. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толды. Бұл күн мектептердегі сынып сағаттарына, кітапханалардағы конференцияларға және аудандық Мәдениет үйінің концерттерінде патриоттық насихат пен әндер орындауға арналды. Ақпан айында 12 Жұлдызды дуэт қатысқан «Екі жұлдыз – 2014» вокалистер байқауы Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналды. «Жас дәурен – 2014″ аудандық іріктеу байқауы да осы күнге арналды.
Nur Otan » партиясына 15 жыл толды. Осы жылдар ішінде Партия қатарына 57 бастауыш ұйымға біріктірілген 1752 адам қабылданды. Аудандық әкімдікте Партияның 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Партияның Осакаров филиалы 2013 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі үздік бес филиалдың қатарына енді.
2014 жылғы 7 наурызда ҚР мәслихаттары жергілікті өкілді органдар ретінде 20 жылдығын атап өтті. Бұл мерейтой Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен дамуының белгілі бір кезеңін қорытындылады. Молодежный кентіндегі №23 ОМ өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті.
2014 жыл – Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығы. Осы мерейтой біздің аудан дихандарына тікелей байланысты болғандықтан агро саланың қажырлы еңбегін ҚР Тұңғыш Президенті, «Тың игеру – аға буын адамдарының үлкен ерлігі», деп атап өтті. Батпақ ауылына 2014 жылы 105 жыл және ауыл шаруашылығы серіктестігінің құрылғанына 80 жыл толды. Осакаровка кентіндегі БҚББО 70 жасқа толды. Бұл оқиғаға аудандық тарихи-өлкетану музейінің қабырғасында өткен «Біздің балалық үйіміз» атты портрет кешімен айшықталды.
17 маусым күні «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері жиырма жылдық мерейтойын атап өтті. 2 шілдеде Молодежный кентінде 4-ші аудандық жастар форумы өтіп, ауыл жастарының өзекті мәселелері талқыланды.
Осакаров ауданының тұрғындары күнтізбенің барлық мерекелік күндерін атап өтті: Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Қазақстан халқының бірлігі күні, Балаларды қорғау күні, Отбасы күні, Мәдениет және өнер қызметкерлері күні, ҚР Мемлекеттік рәміздері күні.
Осакаров ауданына жұмыс сапарымен вице-министрлер, облыс әкімі жиі келіп тұрды.
Вице-министр Р.Е. Дәленов ауданның бірнеше шаруашылықтарында болып, «Октябрь» дүкенінің 2-қабатында сауда бөлімдерінің ашылуына қатысты.
Қыркүйек айында облыс әкімі Н. Әбдібеков жұмыс сапарында егін жинау науқанының барысымен танысты және науқан ұйымдасқан түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі Байдалы би кесенесінің реставрациясынан кейінгі ашылу рәсіміне қатысты.
Қараша айында Осакаров ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Президентінің 11 қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылау бойынша аудандық актив отырысы өтті. Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша Осакаров ауданына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаев келді.
2014 жылы Осакаровка кентінде бірнеше нысанның құрылысы жүріп жатты: 600 орындық орта мектеп салынып, оны тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған еді. 320 орындық балабақшаның құрылысын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған болатын. 320 орындық ДСК салынып, 3 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беруге дайындалды. Барлық салынып жатқан нысандар аудан әкімінің бақылауында болды.
2015 жыл қарсаңында Молодежный кентінде қуанышты оқиға болды – жаңа қоныстанушылар көптен күткен пәтерлердің кілттерін алды. Осакаровка кенті тұрғындары жыл аяғына таман – №1 ОМ жаңа заманауи ғимаратының салтанатты ашылу мерекесін тамашалады. Жоспарлы кестеге сай жаңа «Нұрай» балабақша-бөбекжайы да ашылды. Аудан тұрғындарын Жаңа жылмен ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары құттықтады. Соғыс ардагерлері Қазақстан Президентінің атынан құттықтаулар мен сыйлықтар алды.
Пиминиди К.
Ильяшев С.