Біздің тарихымыз   (1973-1978  жылдар аралығы)

«Кеңестік мақтаныш сезімімен тұрғындар 1972 жылды үлкен жетістіктермен өткізді», – 1973 жылдың қаңтар айында біздің газетте «Шешуші бесжылдық жылы» атты мақала осылай басталды.

Мерейтойлық – КСРО-ның құрылғанына 20 жыл толғанына естелік ретінде газет беттерінде мұғалімдер, дәрігерлер, дихан және фермалардың еңбекшілері пікір жолдады. Міне, 1973 жыл – бесжылдықтың шешуші жылы. Осы жыл Осакаров ауданының тарихында қандай орын алды?

Әрине, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ КСР-ін Халықтар Достығы орденімен марапаттауы туралы» Жарлығы Республиканың барлық еңбеккерлерінің, сондай-ақ біздің ауданымыздың да үлкен мақтанышына айналды. Бүкілодақтық социалистік жарыста Осакаров элеваторының ұжымы жоғары нәтижелерге қол жеткізді, ол КОКП ОК мерейтойлық Құрмет белгісімен марапатталды және Қазақ КСР дайындау жүйесінің барлық кәсіпорындарына 1973 жылдың тапсырмаларын сәтті орындағаны үшін жарысқа қосылуға үндеу жасады. Ауданның көптеген ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ордендермен және медальдармен марапатталды. Х1Х партсъезд механизаторы А. Н. Ткач Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ол өзінің бүкіл өмірін туған жерін өркендетуге арнап, екі рет Ленин орденімен, Халықтар Достығы орденімен марапатталды, оның есімі Қазақ КСР Құрметті Алтын кітабына жазылған. Өмірінің соңғы күніне дейін А. Н. Ткач біздің кент пен ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып отырды.

Х1Х партсъезд кеңшарында алғаш трактор руліне отырған Жанат Айғазинова аудандағы нәзік жанды азаматшаларға «Темір тұлпарды тізгіндейік, қыздар!» үндеуін жариялап, қыздарды нағыз тракторшы болу үшін оқуға шақырды.

1973 жылы Сталинград түбіндегі неміс-фашист әскерлеріне тойтарыс берудің 30 жылдығы аталып өтті. Біздің жерлестеріміздің көбі Сталинград үшін шайқасқа қатысқандықтан, оларға құрмет көрсетілді. Соғыс ардагерлері  мектептерге, конференцияға шақырылды, олардан сұхбат алынды. Осакаров тұрғындары Ленинград қаласының тумасы, жиһаз фабрикасының жұмысшысы Мария Дмитриевна Степанованың ерлігін ерекше құрмет тұтты. Мария Дмитриевна қырғын соғыста жылжымалы әскери шеберханада ерлермен қатар қызмет етіп, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Фашистік Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Аудан мектептерінің ұжымдары да үлкен жетістіктерге жетті: №9 орта мектеп Ауыспалы Қызыл Тумен, бірінші дәрежелі дипломмен және 1000 рубль ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ауданның барлық мектептерінің оқушылары лениншіл адал болды, ауданның жастар тобы ГДР – на арнай барып, «Берлиндегі жастар мен студенттердің Х дүниежүзілік фестиваліне» қатысты. 1973 жылғы 28 шілде – 5 тамыз күндері өткен жастар мен студенттердің Х Дүниежүзілік фестивалінде «Антимпериалистік ынтымақтастық, бейбітшілік пен достық үшін» ұраны көтерілді.

1974 жыл оқиғаларға толы болды. Ауданның ауыл еңбеккерлері үлкен жетістіктерге қол жеткізді, өндіріс озаттарына «Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. Бірінші аудандық жас сауыншылар байқауында үздіктер Социалистік Еңбек Ері Е. А. Ортман атындағы ауыспалы сыйлықпен марапатталды.

70-ші жылдары аудан мәдениетін дамытудағы ерекше кезең болды. 1972 жылы аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі И. П. Фролов құрған көркемөнер драма театры өзінің шығармашылық қызметін бастады. 1974 жылы театр халық театрлары мен драма ұжымдарының Республикалық байқауының лауреаты болды. Шығармашылық жетістіктері мен жоғары орындаушылық шеберлігі үшін көркемөнерпаздар ұжымына «Халық театры» құрметті атағы берілді. Аудандық мәдениет үйінің сахнасында А.Софроновтың «Барабанщица», А.Салынскийдің «Таблетка под язык», А. Макаенконың «А зори здесь тихие», Б.Васильевтың «Отважное сердце», И.Эвальданың «Соловьиная роща», В.Ежовтың «В сиреневом саду», Ц.Солодарянның «Золотая карета», А. Леоновтың «Доходное место» қойылымдары МҮ залы көрермендердің көңілінен шықты. Театр әртістері Нұра, Ульянов, Тельман аудандарында гастрольдік сапарда болды. Таңдаулы спектакльдермен облыс орталығы Қарағанды қаласында өнер көрсетті.

1974 жылы Осакаровка кентінде музыка мектебі өз жұмысын бастады, оның бірінші директоры А. И. Богуш болды. Осы жылы №12 ОМ табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың қуанышында шек болмады. Мектептің  бірінші директоры болып Р. А. Смирнов тағайындалды.

1975 жылы ҰОС жеңістің 30 жылдығы және тоғызыншы бесжылдықтың соңғы жылында ауданның барлық еңбеккерлері «Бесжылдыққа-екпінді еңбек!» ұранымен жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, жыл бойы сауыншылар, механизаторлар, көкөніс өсірушілер, жүргізушілер, теміржолшылар, АІІБ қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер «Үздік маман» атағын алды. 200-ден астам жастар тәлімгер тәжірибесін  еңбек қызметіне пайдалана бастады.

Мерейтойлық шарада авиамодельдеу спорты бойынша ұйымдастырылған жарыста Ұлы Жеңістің құрметіне №12 орта мектебінің оқушылары Осакаровка-Мәскеу-Нарва-Таллин-Ленинград бағыты бойынша темір жол саяхатын жасады.

1975 жылы В. Заикин -Қазақ КСР-нің әуе модельдері спорты бойынша чемпионы атанды.

Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Д. А. Қонаев 1975 жылы Осакаров ауданына келіп,  Вильгельм Пик атындағы, «Восход», «Заря», «Маржанкөл» кеңшарларына барды. Ауыл еңбеккерлерімен кездесіп, әңгімелесті. 1975 жылдың қараша айында Осакаров ауданының еңбекшілері халық шаруашылығы жоспарын табысты орындап, қол жеткізген жоғары көрсеткіштері үшін ауданға Ауыспалы Қызыл ту тапсырылды. Тоғызыншы бесжылдықтың соңғы жылы осылай аяқталды.

1976 жылғы оныншы бесжылдықтың басында тоғызыншы бесжылдық қорытындыланды. Халық шаруашылығында қоғамдық өндірістің қарқынды, сапалы өсу факторлары байқалды. «Тиімділік пен сапа бесжылдығы», «Әр өнімде – сапа белгісі!»- Осакаров ауданының диқаншылары осындай ұранмен социалистік жарысқа қатысты. Нәтижесінде аудан Қазақстанның Құрметті Алтын кітабына енгізілді, көптеген ауыл шаруашылығы қызметкерлері ордендермен және медальдармен марапатталды. Егін орағы аяқталған соң дихандардың аудандық слеті өтті. 1976 жылы мектеп түлектері, пионер жетекшілері, донорлар, өлкетанушы-туристер, жастар тәлімгерлері қатысуымен де слет өтті.

Театр және кино актерлері Л. Чурсина, В. Коренев, А. Локтев, М. Пуговкиндер арнайы гастролдік сапармен келіп кетеді. Белгілі және сүйікті әртістерді бетпе – бет көріп, олардың өздері туралы, еңбек жолы туралы әңгімелерін тыңдау-ауыл тұрғындары үшін өте маңызды оқиға болды. Осы шығармашылық кездесулерге барлық Осакаровка тұрғындары бірі қалмай келді.

1977 жыл Қазан төңкерісінің 60 жылдығы аталып өтілді. Жастарды Кеңес халқының және Коммунистік партияның революциялық, жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне, кеңестік патриотизм және социалистік интернационализм рухында тәрбиелеуге көп көңіл бөлінді. «Әкелер даңқы жолымен» жорыққа ауданның барлық оқушылары мен жастары қатысты. Ұлы қазан төңкерісінің 60 жылдығы қарсаңында барлық комсомол ұйымдарында революциялық даңқ апталығы өтті. Оның барысында жастар соғыс және еңбек, партия, комсомол ардагерлерімен кездесті.

Барлық аудан кәсіпорындары мен ұйымдарында мерейтойлық салтанатты жиналыс, шығармашылық ұжымдардың аудандық фестивалі өтті. Осакаров элеваторының ұжымы КСРО ауыл өнімін дайындау ұжымдары арасында жеңімпаз атанды. Аудан  мерейтойды осылайша лайықты қарсы алды.

1978 жылдың басты оқиғасы – Қазақ КСР-нің екінші Конституциясын қабылдау. Конституцияда «Әркімнің еркін дамуы – барлығының еркін дамуының шарты» атты коммунистік идеасына сәйкес азаматтар шығармашылық күштерін, қабілеттері мен дарындарын ұштау үшін ауданда конкурстар өткізілді. «Новый путь» кеңшарының еңбеккерлері – Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпаздары ретінде жұлдызды қалашыққа барды. Центральный ауылының мектебінде тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. Алғаш рет ауыл редакциясы күні өтті.

Халық ағарту саласында мектептерде факультативтік курстар енгізіліп,  оқушылар әр пәнді тереңірек зерттей бастады.

Орта мектептің  оқу жоспарын, бағдарламалары және оқулықтарын өзгертпей, бейімділігіне байланысты пәндер енгізілді. Бірқатар пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер саны артты. Осакаровка кентінің  №9 ОМ химия пәні тереңдетіп оқытуды қолға алды.

Аудан жетістіктеріне барлық аудан тұрғындары жұмысшылар, дихан, шаруалар, интеллигенция өкілдері үлес қосты. Алда оныншы бес жылдық жоспардың тағы 2 жылы туралы айтатын боламыз.

К. Пиминиди,

С. Ильяшев,

мақалада Интернет материалдары қолданылған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған