Бетперде киіп, қорғанайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде індетке қарсы күрес үшін қажетті шаралардың барлығы қабылданғанын айтқан болатын.

Елімізде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін ұлттық жоспар жүзеге асырылуда. Жергілікті жерлерде жедел штабтар өз жұмысын жалғастыру үстінде.

Екінші кезеңдегі асқынуға душар болмау үшін де қолды сабындап жуу немесе арнайы сұйықтықпен  залалсыздандыру басымдыққа ие болып тұр. Медициналық маска жұқпалы аурулардан қорғайтынын жақсы білеміз. Тұмау кезеңінде де дәрігерлер қауіпсіздік үшін медициналық масканы киюге кеңес береді. Иммунитетті арттырып, бұқаралық іс-шараларға қатыспай, басты ұсыныс бетперде киюге мұқият болайық. Маска кию жайын – әсіресе өзгеге де ескертіп отыру маңызды.

Сарапшылар КВИ -дің екінші толқынын болдырмаудың ең тиімді жолы жаппай маска режимін сақтау дегенге тоқталып отыр. Сонымен қатар қолымызды жиі жуып, арақашықтықты сақтап, ауа-райына сай киініп жүрейік.

ҚР ДСМ денсаулықты нығайту  орталығының жетекшісі Жазира Ембердиеваның айтуынша, егер қазақстандықтардың 70 пайызы жеке қорғаныс құралдарын киетін болса, жаппай инфекциялар болмайды.

Ендеше маска тағу тиімді профилактикалық шара болып табылатынын ұмытпайық.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған