Батпақты ауылдық округі әкіміне кандидаттары
Батпақты ауылдық округі әкіміне кандидат
Ардақ Қажымұратұлы Жапаровтың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сізбен бізге байланысты.
Мен:
– жазғы уақытта ауыз су беруді ұлғайту мәселесін шешуге, ауылдық округ елді мекендерінің ауылішілік жолдарын жөндеуді қаржыландыру мәселесін шешуге ;
– Сарыөзен ауылына кірме жолды жөндеу мәселесін шешуге;
– ауылдық округтің елді мекендерінде қосымша жарық нүктелерін орнатуға;
– Ошағанды ауылында ауыз су сапасын жақсартуға;
– Батпақ ауылының мәдениет үйін жөндеуге ақшалай қаражат бөлуге;
– 28 ұйым мен 414 тұрғын үйді газ құбырына қосуды ұйымдастыруға;
– мал шаруашылығының, сервистік қызмет көрсетудің, жол бойындағы сервистің 5 жобасын іске асыруға;
– ауылдық округ елді мекендерінің жайылымдық жерлерін кеңейтуге күш саламын.
Сіздің даусыңыз – өз жақын-жұрағаттарыңыз бен ауылдастарыңыздың бақытты жəне бақуатты өміріне қосқан үлесіңіз! Берекелі ауыл–табысты мемлекет!
Батпақты ауылдық округі әкіміне кандидат
Ербол Аманбектің
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мындай басымдықтармен
– жаңа өндірістер құру, сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығару, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге материалдық мүдделілік;
– жеке тұлға, қоғам және мемлекет мүдделерінің теңгерімін, олардың өзара жауапкершілігін сақтау;
– халықтың әл-ауқатының одан әрі өсуі және тұрмыс жағдайын жақсарту;
– жастардың азаматтық қалыптасуы мен кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;
– ұлттың шынайы дамуының кепілі болып табылатын салауатты өмір салты, спортты дамыту, жас ұрпақ арасында насихаттау мен бекітуді күшейту;
-жастарды шоғырландыру, ақылды және белсенді азаматтарға мансаптық мүмкіндіктер беру үшін еңбек ұжымдарында материалдық-тартымды жағдайлар мен қолайлы моральдық ахуал жасау.
Бұл міндеттерді біз бірге өз отбасымыздан, өз үйімізден, ауылдан, ауылдық округтен бастауымыз керек.
Менің бағдарламамды іске асыру арқылы осы міндеттерді шешуге қол жеткіземіз.
Батпақты ауылдық округі әкіміне кандидат
Мөлдір Қасымқызы Рахматуллованың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Менің бағдарламам әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мәселелері болып табылады.
Педагог ретінде мен отбасын нығайтуға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, алкоголизм мен нашақорлық проблемасына тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы бойынша жағдай жасауға бағытталған бастамалар көтеремін. Ашық ауада және спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымды дамытуға ықпал етемін.
Шешім қабылдау арқылы:
– әр адамға лайықты өмір сүруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау;
– жаңа жұмыс орындарын құру жолымен жастарды ауылда жұмыспен қамту;
– жас отбасын қолдау және әлеуметтік қорғау;
– елді мекендерді абаттандыру, атап айтқанда, ауыз суды үздіксіз беру және елді мекендерді жарықтандыру мәселелерін шешіп отырамын.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен жарияланған