БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

  Қарағанды облысының тұрғындары арасында КВИ одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Құрбан айт (Құрбан байрам) тойлау кезінде  Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 24 жаңа Қаулысы қабылданды, оған сәйкес ағымдағы жылғы 19 шілде сағат 00-ден 23 шілде сағат 00-ге дейінгі аралықта келесі шектеу шараларын сақтау туралы шешім қабылданды:

– Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үйлер мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;

– Малды автомашиналардан және жеке меншік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салынады;

-Малды сою және өткізу ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарда (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес аудандарда сою пункттері, алаңдар)жүргізілуі тиіс. ;

Облыстың барлық аумағындағы мал сою пункттерінде күшейтілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.

Құрбандық шалу онлайн режимде Qurban2021.kzсайтқа тапсырыс беру арқылы жүргізіледі;

-бұл ретте, мұқтаж адамдарға тасымалданатын тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалардың талаптарын сақтауға міндетті;

 

Қаулы 2021 жылғы 16 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған