БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 қаулысына сәйкес, бүгін «Қарағанды облысындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы «Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 шілдедегі №23-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысының бас санитариялық дәрігерінің № 26 тиісті Қаулысы қабылданды, оған сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері үшін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау бірінші компонентпен ағымдағы жылғы 10 тамызға дейін, ал екінші компонентпен 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін – (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) мерзімдері ұзартылды;
Сонымен қатар, COVID-19 -дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеудің алгоритміне өзгерістер енгізілді.