Барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарындағы білім алушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу
Барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарындағы білім алушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ағымдағы жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысын іске асыру мақсатында келесідей ШЕШІМ қабылданды:
– 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқуға рұқсат беру;
– Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес толтырылуын белгілей отырып, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне;
– педагогтер мен персоналдың 100% вакцинациясы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және сауыққаннан кейін 3 ай ішінде коронавирустық инфекциясымен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда);
– мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б. сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
– мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
– бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинациясы бар студенттерді жатақханаға орналастыру, осы ретте 18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі;
– шетелдік студенттерді күндізгі оқу форматына жіберу:
– тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болғанда;
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі болғанда жүргізіледі;
-педагогтерді, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), келушілерді, студенттерді мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, QR-код бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа платформалар арқылы тіркеуге жіберу;
– мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына:
– респираторлық инфекция белгілері бар адамдарда (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары болса);
-QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарды;
– тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтер мен персоналдың кіруіне жол берілмейді.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім алушыларды ұйым ғимаратына кіретін есіктерге дейін ертіп жүреді, ғимаратқа кіруге жол берілмейді.
Сондай-ақ, Ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес:
– қатысушылар тізімін кеңейтілді және «Ashyq» жобасына барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылар (12 жастан бастап балаларды ерікті түрде тіркей отырып) қосылады;
– білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), келушілер, білім алушылар үшін).
12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қалааралық туристік тасымалдарға кіруі «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа да платформаларда ерікті түрде тіркелумен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап келесілердің жұмысына рұқсат етіледі:
– демалыс күндері (сенбі және жексенбі) – «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq»жобасының көшбасшылары – сағат 02.00-ге дейін, келушілер мен қызметшілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда
яғни вакцинация, сынамалар алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ауырып жазылғандар үшін. «Жасыл мәртебенің» болуына қойылатын талаптар облысаралық және облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалдарына, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО-на, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;
– сенбі күндері қалаішілік қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады;
– ағымдағы жылдың 30 тамызынан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін жұмыс уақыты сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.
Орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, Денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-рын, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ №31 қаулыда көрсетілген басқа да ұйымдарды қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, «Ashyq»–қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұруға тыйым салу әлі де бар.
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне сәйкес объектілер былайша жұмыс істейді, атап айтқанда:
– мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері толықтырылуы 50%-ға дейін, 50 орыннан аспайтын;
– алкогольдік ішімдіктерді сатпай асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілері – тәулік бойы;
– фуд-корттар толымдылығы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын;
– банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша көпшілік іс-шараларды өткізбей, еске алу және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;
– 30 адамға дейінгі мәдениет объектілері (репетициялар), сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған тұлғалар;
– театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд орындары, боулингтер, цирктер толымдылығы 30%-дан аспаған жағдайда;
– компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда, толымдылығы 30%-дан аспайтын, тек 12 және одан жоғары жастағы адамдарға рұқсат етіледі;
– толымдылығы 20%-дан аспайтын көрермендермен спорттық іс-шараларға;
– сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін, косметикалық және косметологиялық қызметтерді тек алдын ала жазылу бойынша көрсетуге;
– спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар), 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компоненттен вакцинацияланған тұлғаларға рұқсат ете отырып жұмыс жасайды.
Қаулы қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.