Балалар және волейбол алаңдары орнатылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «Игі істер марафоны» нәтижесінде Родников ауылында балалар және волейбол алаңдары пайда болды. Мұнда кіші жастағыларға арналған ойын жабдықтары, ересектер үшін жаттығу құрылымдары мен доп ойнауға арналған спорттық алаң жасақталған.Әр жастағы балалардың ойнап, жаттығуы үшін қойылған құрылымдардың барлығы – отандық өнім.
Шағын ауылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындаорнатылған жаңа алаң барлық жастағы ауыл тұрғындарына арналған. Балаларды әткеншектер мен ойын алаңқайы қуантса, ал ересектер доп алаңына жиі жиналатын болды. Жалпы Родников ауылы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Ауылдық жерде спортты дамыту, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасауды көздеген «Родниковское» совхозы» ЖШС демеушілігінің мақсаты саябақ аумағын абаттандыра отырып, «Игі істер марафонын» одан әрі жалғастыру болса, ауылдықтар таза ауада спортпен шұғылдану үшін волейболшылар тобын жинап жатыр. Мектеп оқушылары үшін спорттық алаң допты ойындарға, жеңіл атлетика, жүгіруге лайықтап жасақталғандықтан осы алаңда болашақта дене тәрбиесі сабақтары да өткізілмекші.
– Заманауи үлгідегі жаңа алаңның бүлінуіне жол бермей, күтіп-ұстаймыз, дейді ауыл тұрғындары, «Родниковское» совхозы» ЖШС басшысы Ермек Маратұлы Төлеутаевқа алғыс айтып.
Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған