Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына – 10 жыл

 

«Медиация» институты 2011 жылдан бастап өз елімізде де қолданысқа енгізілді. Біздің міндетіміз – медиацияны дамыту мен насихаттау арқылы оның жұмысын жүйелендіріп, ұйымдастыру, ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда медиация тетігін тиімді пайдалану. Соңғы жылдары ел аумағында медиацияға ерекше мән берілуі біздің дәстүрімізден жаңылмай, жаңашыл болуымызды, болашағы біртұтас ел болуымызды меңзейді.

 

Медиацияның әлеуетін ұтымды пайдалана білсек, біз қоғамда орын алатын дау-дамайларды оңтайлы реттеу арқылы, ішкі бірлікті бекемдеп, ел іргесінің аман болуына үлес қоса аламыз.

 

Медиация термині бізге таңсық болғанымен, оның мазмұны біздің халқымызға ежелден таныс ұғым. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген ұстаныммен өмір сүрген дана халқымыз аталы сөзге тоқтауды білген. Қара қылды қақ жарып, әділдігін айтатын билердің көмегімен ел бірлігін сақтап, дауласушы тараптарды мәмілеге келтіру – ата-бабаларымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі, олар «араағайындық», «бітімгер», «мәміле» және т.б. терминдер қолданған.

 

10 жыл ішінде «Медиация» заңы көптеген дауларды тиімді шешіп еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі зор. Жоғарыда атап өткендей, аталмыш заң жеке жəне заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне өзгеде құқық қатынастарынан, сондай-ақ, онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады.

 

Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырғандана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт.

 

Осакаров аудандық сотынының

кеңсе меңгерушісі

Карлыгаш Амановна Досымханова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған