Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов бокстан ӘЧ-2021 жарысын жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Белградта (Сербия) өткен бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов 1/32 финал кезеңінде Тайбэйден Ю Линьмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жерлесіміз жеңіп шықты.

Айта кетейік, қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны болады. Бұған дейін турнирде Серік Теміржанов (57 келі) жеңіске жеткен болатын — ол моңғолиялық Энх-Амар Хархуудан төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Бокстан Қазақстан құрамасы Белградқа келесі құрамда аттанды: Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 кг), Бек Нұрмағанбет (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Нұрлан Сапарбай (+92 кг).

Фото: Владислав Семенов ҚР ҰОК

sports.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған