Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы: бірлікке, бейбітшілік пен келісімге 30 жыл

Қазақстанда онлайн форматта Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен халық Ассамблеясының кезекті XXIX сессиясы өтті. Іс-шара «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» ұранымен өтті.

– 30 жыл бұрын көпұлтты, көпконфессиялы халқымыз еліміздегі бірлікке, бейбітшілік пен келісімге қарай жылжу үшін іргелі таңдау жасады, – деп атап өтті Елбасы.

Оның айтуынша, бұл мемлекеттілікті құру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді және заманауи Қазақстанның келбетін қалыптастырудың қуатты ресурсын қамтамасыз етті. 30 жыл ішінде экономикаға 365 млн доллар шетелдік инвестиция тартылды. ЖІӨ 10 есе өсті.

Бүгінде Қазақстанда 19 млн-ға жуық адам тұрады. Сондай-ақ өмір сүру ұзақтығы 73,5 жасқа дейін өсті.

Тұңғыш Президент атап өткендей, Тәуелсіздік әділеттілік кезеңіне айналды. Қазақ халқы өзін-өзі билеу нәтижесінде өзінің ұлттық рухы мен тарихын жандандырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының негізіне алынуы тиіс бірнеше қағидатты атап өтті. Бұл – патриотизм, мемлекеттік тілдің рөлін біріктіретін азаматтық тең құқықтылық, ұлтты жаңғырту және әралуандықтағы бірлік.

ҚХА этносаралық қарым-қатынас алаңына айналуы тиіс. Бүгінде елімізде 957 этномәдени бірлестік, 2 726 Қоғамдық келісім кеңесі, 1 761 аналар кеңесі жұмыс істейді. Ассамблея жұмысына 500 мыңнан астам адам белсенді қатысуда. Барлық өңірлерде Достық үйлері жұмыс істейді.

Еліміздің қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтарды достық пен бейбіт қатар түратын өмір сүру жолымен жүруге шақырады.

– Қазақстанның алдында жаңа ауқымды міндеттер тұр. Біздің халқымыз тұрақты экономикасы бар тиімді мемлекет және прогрессивтік құндылықтары бар әділ қоғам құруды мақсат тұтады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық этностар мен конфессиялар өкілдерінің жалпыұлттық бірігуінің маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Елбасы өз өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Сонымен қатар ол Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болып қала береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған