Ауылдық округ амбулаторияларына жаңа көліктер табысталды

Осакаров ауданынына су жаңа «Уаз» маркалы 3 жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді. Аудан әкімінің орынбасары Алма Шалабаева автокөліктерді салтанатты жағдайда табыстады.  

Біреуі 6 млн. тұратын 3 медициналық жедел жәрдем көлігі облыстық бюджет есебінен алынды. Ауданымыздың Пионер, Трудовой және Садовый ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулаториялық бөлімшелеріне берілді.

Алма Қабыкенқызы аудан тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан басты назарда екеніне тоқталды.

  • Ауданымыздың амбулаториялары 3 медициналық жедел-жәрдем көлігімен толығып отыр. Өткен аптада аудандық ауруханаға заманауи жабдықталған диагностикалық медициналық кешен берілді. Темір тұлпарлар ел игілігіне қызмет ететін болады,- деді аудан әкімінің орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған