Ата Заң күніне орай ұлықталды
Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында аудан әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, еңбегімен еленген қызметкерлерге Грамоталар табысталды.
Халқымыздың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналған Ата Заңымызға 26 жыл толды. Конституция – қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, халқымыздың бірлігіне жол бастаған тұғырлы қағидаттар өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алды. Еліміз үшін маңызы зор мереке қарсаңында аудан әкімі Нұркен Кобжанов аудан дамуына елеулі еңбек сіңірген әр сала мамандарын марапаттады.
Осакаров ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен табысты еңбегі үшін Күнтуған Айдарханов, Татьяна Якимова, Владимир Криштопа, Күляш Мұхамеджанова, Юрий Шпортко, Евгения Кунах ұлықталды. сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хаты Бағдат Фрезе, Татьяна Винниченко, Талғат Нұрмұхамбетов, Ольга Пахомова, Талғат Керейбаевқа табысталды.
Гүлім Сембай