Ashyq қосымшасы Қарағанды әуежайында және теміржол вокзалында іске қосылды
Қарағандыда Ashyq қосымшасы арқылы әуежай мен теміржол вокзалы жұмыс істей бастады. Ғимараттардың ішіне жүйеде «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар жолаушылар мен шығарып салушылар кіре алады. «Сары» және «қызыл» мәртебелер болған жағдайда саяхатты доғаруға және билеттер үшін ақшаны қайтаруға тура келеді.
Ashyq адамдар көп жиналатын әртүрлі нысандарда белсенді түрде енгізілуде. Қарағанды теміржол вокзалына тәулік сайын мыңдаған адам келеді. Күніне перроннан 30-ға дейін пойыз жөнелтіледі.
– Көптеген адамдар жөнелтуден бірнеше сағат бұрын келіп, күту залында пойыздың келуін күтеді. Енді біз жолаушының қандай мәртебеге ие екенін, оның байланыспайтынын және жұқтырмайтынын білеміз. Бұл біздің қызметкерлерімізді де қорғайды, – деп есептейді вокзал бастығының кезекші көмекшісі Бақыт Игібаева.
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Азамат Даненбаевтың пікірінше, Ashyq қосымшасы коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу тәсілі ретінде өз пайдасын көрсетті. Жүйені Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары, елорданың және еліміздің басқа қалаларының вокзалдары пайдаланады.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша