Ардагерлер кеңесінің конфернциясы өтті
Аудан әкімдігінде Ардагерлер кеңесінің конференциясы өтіп, күн тәртібі бойынша кеңестің атқарған жұмыстарының есебі, аудандық кеңес президиюмын сайлау, облыстық конференцияға делегат таңдау, ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау сұрақтары көтерілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Алма Шалабаева, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ислам Шакирбеков және Зум платформасы арқылы аудандық мәслихат хатшысы, аудандық ардагерлер кеңесі мүшелері қатысты.
Конференцияда Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ислам Шәкірбеков 2016 – 2021 жылдары атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Күнделікті тірлікке белсене атсалысып жүрген кеңес іс-шаралардың басынан табылып, тұрғындарды ынтымаққа шақырып мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жолында қажырлы еңбек етіп жүр. Ардагерлер кеңесі жергілікті билік өкілдерімен тығыз қарым қатынас жасап, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы әлеуметтік көмек көрсету шараларын атқаруда, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге ерекше үлес қосып келеді. Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл ардагерлері, жалғыз басты қарттардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен заңдық құқықтық қорғалуына ықпал ету шараларын тұрақты атқаруда.
Әр жыл ішіндегі жұмыстарға жеке тоқталған төраға Осакаровка кентіндегі орталық мешітіне ағымдағы жөндеу жасалғанын, Осакаровка- Нұр-Сұлтан бағыты жолы бойындағы мұсылман зиратының қоршалғанын, аудан өміріне қатысты қоғамдық, саяси, рухани, мәдени салаларының қай-қайсының өркен жаюына білек сыбана кірісіп, белсенділік танытып жүрген ардагерлер ықпалымен «Осакаров ауданы 1941 – 1945 жылдарда» атауымен Е. Монжосовтың кітабы жарыққа шыққанын айтты. Сонымен қатар Центральное ауылында 1931–1933 жылдар аралығында саяси қуғын сүргінге ұшырағандарға арналған ескерткіш орнатылғанын, Тарихи өлкетану музейіне 7 ғасыр бұрынғы қазақ жауынгерінің зиратына қойылған балбал тас жеткізілгенін баяндады.
Ислам Мұхтарұлы алға қойған жоспармен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.
- Зейнет жасына жеткен адамдардың тісін тегін протездеу, Жоңғар тойтарысына 375 жыл мерейтойына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ескерткіш орнату жоспары тұр,- деген төраға, ардагерлер қауымына қолдау көрсетіп, ұйымға демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
Кеңес мүшелері мен жиынға қатысушылар ұйым жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.
Жиында көпшіліктің дауыс беруімен осы кезге дейін Осакаров аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып келген Ислам Мұхтарұлы Шәкірбеков аталған лауазымды алдағы 5 жыл бойы әрі қарай жалғастыратын болып шешім қабылданды. Облыстық конференцияға баруға бірауыздан қолдады.
Жиын модераторы, аудан әкімінің орынбасары Алма Қабыкенқызы кеңес белсенділігіне ризашылығын білдірді.
Гүлім Сембай