Ардақты ер

Медведев Николай Иосифович 1922 жылы 9 мамырда Липецк облысының Николаевка ауылында туған. Әскерге Алматы облысының әскери комиссариатынан шақырылған.

Медведев Николай Иосифович 1941 жылы алғашқы майдан жорығына Батыс майдан құрамында 173 атқыштар дивизиясының 1311 полкында Мәскеу, Сталинград қалаларын жаудан қорғауға қатысады. 1943 жылғы ұрыстарда ауыр жараланады. Емдеуден кейін ол 157 шекара полкінде 2 Беларусь майданының қолбасшысы маршал К.К. Рокоссовскийдің штаб-пәтерінің күзетшісі болып орналасады. Николай Иосифович Курск қаласынан Польша арқылы Германияға дейін жетіп, жеісті сол жерде қарсы алады. Жауынгерлік наградалары: «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары, мерейтойлық медальдары бар.

Соғыс жылдарында Беларуссияны фашистік басқыншылардан азат етуге қатысқаны үшін кейіннен Медведев Николай Иосифовичке «Беларуссияны фашистік басқыншылардан азат етуге 75 жыл» мерейтойлық медальымен қоса Беларуссияның Мемлекеттік сыйлығына ие болады.

Аудандық әлеуметтік қамту бөлімінде маман, Пионер ауылдық кеңестің төрағасы, байланыс бөлімшесінің бастығы қызметін атқара жүріп, құрметті демалысқа шығады.

С. Ильяшев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған