Қаратомар ауылдық округі әкіміне кандидаттары

Қаратомар ауылдық округі әкіміне кандидат
Анастасия Сергеевна Павлованың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Өзімді кандидат ретінде ұсына отырып, ауылдық округ әкімі ретінде халықтың маңызды мәселелерін шешуді өз міндетіме қоямын.
Адамдардың ауылдан кетуіне жол бермеу үшін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылшілік жолдарды жөндеу қажет. Сондай-ақ, мен жастарды және жұмысқа қабілетті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге белсенді қатысқым келеді.
Мен ауылдың қоғамдық және жергілікті биліктің бақылауындағы проблемаларын шешуді өзімнің азаматтық парызым деп санаймын. Соның бірі: ауылды көгалдандыру және көріктендіру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін шығаруды ұйымдастыру болады. Тағы бір маңызды мәселе – ауылды жарықтандыру, мен қосымша жарықтандыру көздерін орнату мәселесін ерекше бақылауға алуға ниеттімін. Ауылда жастардың спорттық және мәдени бос уақытын ұйымдастырумен белсенді айналысамын. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етуді жоспарлап отырмын.
Бар күш-жігерімді жұмсайтын мақсаттарымды орындау үшін, менің сайлауалды бағдарламам басты ұстанымым болады.

Қаратомар ауылдық округі әкіміне кандидат
Ержан Нұрғалиұлы Найманбайдың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Өз кандидатурамды ұсына отырып, мен өз алдыма азаматтардың барлық өмірлік маңызды мәселелерін шешуге белсенді ықпал ету, ауылдық округ тұрғындарының лайықты өмір сүруіне, оның дамуына жағдай жасау мақсатын қойдым.
Ол үшін мен өзіме келесі міндеттерді анықтадым:
1. Ауылдық округтегі кентішілік жолдарды жөндеуге, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстауға басым қаражат бөлуге қол жеткізуге.
2. Қаратомар ауылдық округінің сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға қол жеткізгім келеді.
3. Жайылымдық жерлерді кеңейту болып табылатынын ұмытпаған жөн.
4. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласында жаңа өндірістер ашу.
5. Ауылда бұқаралық спортты дамыту.
6. Елді мекендердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын арттыруда, ауданның табиғи байлығын қорғау.
Қызметімнің басымдығы-даму, тәртіп, заңдылық және әділеттілік!
Дұрыс таңдау жасаңыз!

Қаратомар ауылдық округі әкіміне кандидат
Николай Николаевич Ястребовтың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ


Мен өзімнің міндетімді – еңбек адамдарының мүдделерін қорғау және қоғамдық тұрақтылықты сақтау, ауданымыздың өркендеуі үшін қажырлы және адал еңбек ету деп санаймын.
– оқушылардың білім сапасын арттыру және лайықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында білім беру жүйесіне инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;
– интернет жұмысын жақсартуға, халықтың мәдениетін арттыруға ықпал ететін боламын.
– қылмыс деңгейін төмендету үшін жастардың жұмыспен қамтылуы мен бос уақытын өткізу проблемаларын шешу қажет.
– волонтерлік қызметтің барлық бағыттарын танымал ету бойынша жұмыс жүргізу.
– жастарды нақты жалақымен ынталандыру;
-жас отбасыларын әлеуметтік қолдаумен, атап айтқанда тұрғын үй мәселесінде ынталандырумен ықпал ететін боламын.
Осы идеяларды жүзеге асыру үшін маған Сіздің қолдауыңыз қажет. Көп нәрсе сіздің таңдауыңызға байланысты.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен жарияланған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған