Қарағандының орталық саябағында карантин нормалардың бұзылғаны үшін шенеуніктер жазаланды

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағандының орталық саябағында карантиндік нормалардың өрескел бұзылғаны үшін бірқатар шенеуніктерді жазалауды тапсырды.

Саябақ басшылығы, сондай-ақ қалалық әкімдіктің тәртіп үшін жауапты тұлғалары бұл күні азаматтардың бос уақытын қауіпсіз және санитарлық нормаларға сай өтуін қамтамасыз етпеген. Нәтижесінде 1 маусымда саябақта адамдардың шамадан тыс көп шоғырлануы орын алды. Бұл жағдайдың болуына жол берген жауапты тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды.

Қарағанды қаласы әкімінің екі орынбасары Нұрлан Бикенов, Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды. Саябақ басшылығы Мәдина Әшірова қызметінен босатылады.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.