Қарағандылықтарды тегін ағылшын тілі сабақтарын алуға шақырады
Қарағандылықтарды онлайн режимде тегін ағылшын тілін оқуға шақырады. Топқа жас мөлшеріне қарамастан тіл меңгерудің бастапқы Beginner деңгейі бар оқушылар қосыла алады.
Тегін курстарды ұйымдастырушы – Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы.
Сабақтар басталды, бірақ әлі де бос орындар бар.
Сабақтар сейсенбі және жұма күндері сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін өтеді. Курсты Оксфорд университеті әзірлеген бағдарлама бойынша дипломды оқытушы жүргізеді.
– Біз жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан кез келген оқушыны қарсы алуға қуаныштымыз. Басты шарт – тіл деңгейі Вeginner болуы керек. Біз курсты аяқтағанға дейін, яғни оқушылар деңгей бағдарламасын толық меңгермейінше жалғастыратын боламыз. Бұл курста грамматика да, сөздік қор да, сөйлемдерді есту қабілеті де бар, – дейді оқытушы Влада Волянская.
Курсқа 8-708-950-90-28 және 8-702-203-11-13 нөмірлері бойынша жазылуға болады.