Қарағандыда коронавирус ауруының жаңа жағдайлары тіркелді
COVID-19 4 сәуірде тағы 5 адамнан табылды. Олардың барлығы карантиндік стационарда болған қайтыс болған пациенттің жақын туыстары. Пациенттер инфекциялық бокстарға жатқызылды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан қаза тапқан ер адаммен байланыс орнатқан 200-ден астам адам анықталды. Барлықтарын провизорлық және карантиндік стационарларға жатқызып, вирустың бар-жоғына зертханалық зерттеу үшін анализдер алынды.
Байланыста болуы мүмкін барлық азаматтарды анықтау үшін эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
Тәулік бойы бақылауда 692 адам бар. Олар 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) қайтып келген немесе шартты түрде жұқтырғандармен байланыста болған азаматтар. Оның ішінде 41 пациент инфекциялық бокстарға орналастырылды.
Үй карантинінде 1277 адам бар.
Қарағандыда 27 COVID19 жағдайы зертханалық түрде расталды, оның ішінде бір өлім оқиғасы тіркелген.