Қарағандыда коронавирус ауруының жаңа оқиғалары туралы

COVID-19 алты адамнан табылды. Олардың үшеуі – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері. Олардың барлығы инфекциялық боксқа жатқызылды.

Қайтыс болған адаммен байланыста болғандар саны 204 адам. Оның 54-і провизорлық және карантиндік стационарларға, 150-і үй карантиніне жатқызылды.
Сондай-ақ, бүгін карантиндік стационарда болған емделушілерде екі жағдай расталды. Тағы біреуі үй карантинінде анықталды. Осы жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Вирус жұқтырған адам кіммен байланыста болғаны анықталуда.
Қарағанды облысында барлығы 627 адам тәулік бойы бақылауда. Бұл 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) оралған немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар. Үй карантинінде 1087 адам.

Қарағандыда коронавирустық инфекция 21 адамда расталды, оның ішінде бір өлім оқиғасы тіркелді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған