Қарағанды облысының тұрғындарын «Күй құдіреті» онлайн күй байқауына қатысуға шақырады

«Күй құдіреті» аймақтық күй байқауы – Балқашты танымал ететін шараға айналған. Биыл пандемияға байланысты қатысушылар онлайн режимінде бақ сынасады. Барлық тілек білдірушілер өздерінің Instagram парақшасында домбырада орындалған екі шығарманы орналастыруы тиіс. Солардың бірі міндетті түрде композитор Мағауия Хамзиннің авторлық туындысы болуы тиіс. Жас шектеулері – 16 жастан 35 жасқа дейін.

– Байқауға қатысушылар бейнероликтерді өз парақшаларына орналастыра отырып, @kdtsbalkhash белгілеп, #күйқұдыреті хэштегін қоюы тиіс. Сондай-ақ бейне сапасына, акустикаға және сахналық бейнеге назар аударамыз, – деді Балқаш қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ұлпан Сапарғали.

Ұйымдастырушылар үш жеңімпазды таңдайды. Ең үздік күйші Гран-приге ие болады. Барлық қалған қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Нәтижелер 23 қарашада жарияланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған