Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сапасын арттыруға шақырды

Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары сыбайлас жемқорлықтың орташа деңгейіне жатқызылған, бұл елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда ең төмен көрсеткіш болып табылады. Дегенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс одан әрі күшейтуді және жетілдіруді талап етеді.

Бұл туралы онлайн режимде өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Денис Шакенов сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Ведомство басшысы Antikor.Live және AdalKomek жобаларының іске асырылуына баға берді.

Отырыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың сапасы егжей-тегжейлі талқыланды. Ол барлық облыстық басқармалар мен жергілікті әкімдіктерде өткізілді. Денис Шакенов бірқатар ескертулер айтып, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету бойынша кешенді жоспарды іске асыру талқыланды.

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың сапасы мен тиімділігін арттыру, оны жүргізу кезінде формализмді болдырмау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың орындалмауы немесе сапасының нашарлығы үшін мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Заңмен осындай құқық берілді, – деп атап өтті Денис Шакенов. – Біздің мақсатымыз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын кеңейту, бұл сайып келгенде азаматтардың билікке деген сенім деңгейін арттырады.

Облыста Қазақстан Республикасының 2021–2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары қабылданды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек оны орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту жөнінде тапсырма берді.

– Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын баршаға ерекше бақылауға алу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы тұжырымдамалық ұстанымдардың бірі – бұл бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, – деп атап өтті облыс әкімі.

Комиссия отырысында Сәтбаев, Жезқазған және Абай ауданының әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстары туралы есеп берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған