Қарағанды облысының шахталарында коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізілуде

Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қарқынды жүруде. Медиктердің көшпелі бригадалары шахталарда жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындардың қызметкерлері ғана емес, олардың отбасы мүшелері де тегін вакцинациядан өте алады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің кәсіпорындары Шахтинск, Абай, Саран және Қарағанды қалаларында орналасқан. Көшпелі медициналық бригадалар аумақтық түрде ұйымдастырылған. В.И. Ленин атындағы шахтаға және «Шахтинская» шахтасына – Шахтинск қаласының «Болашақ» емханасы, «Саран» шахтасына – Саран қаласының емханасы қызмет көрсетеді, ал қалған шахталар мен жерүсті кәсіпорындарына Қарағандыдан бригадалар шығады.

Екпелерді Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірген ресейлік «Спутник V» препаратымен жасайды. Вакцинация ерікті. Вакцинаның қажетті көлемін жеткізу үшін кәсіпорында ниет білдірушілердің тізімі алдын-ала дайындалады.

 –  Шахталарда тығыз байланыста жұмыс істейтін адамдар көп. Вакцинация жаппай жұқтырудың алдын алуға көмектеседі,  – деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің медициналық мәселелер жөніндегі директоры Илья Вальштейн.

И. А. Костенко атындағы шахтада алғашқы вакцинаны директор Сергей Мустивко алды. Ол қызметкерлерге үлгі беруге шешім қабылдағанын айтты.

 –  Ұжымдық иммунитет үшін халықтың басым бөлігі егілуі тиіс екені белгілі. Біз барлығымыз өмірдің үйреншікті арнаға оралғанын қалаймыз,  – дейді кәсіпорын басшысы.

Кейбір қызметкерлер өздерін ғана емес, жақындарын да қорғауға мүмкіндік алды. И.А. Костенко атындағы шахтада, тік оқпандарды жөндеу учаскесінде жұмыс істейтін Евгений Конечников қызымен бірге егілді.

 –  Әрине, ойландық, бәрін алдын ала сараладық. Және екпе алу керек деген шешім қабылдадық. Біз өзіміз және туыстарымыз үшін үнемі ұйымдап, үрейленуді доғарғымыз келеді, – деді отағасы.

Бүгінгі таңда шахталарда 500-ге жуық адам вакцинациядан өтті және егу науқаны әлі де жалғасуда.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған