Қарағанды облысының командасы оқушылардың республикалық олимпиадасында 21 медаль жеңіп алды

Қарағанды облысының олимпиадалық командасы 25-30 сәуір аралығында жалпы білім беретін 16 пән бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысты. Біздің олимпиадашылар 21 медальға ие болды: олардың қоржынында жеті алтын, үш күміс және он бір қола жүлде бар.

Біздің құраманың құрамында олимпиаданың облыстық кезеңінің 88 жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

Зияткерлік жарыстар Oqylyk.kz платформасында прокторинг жүйесін пайдалану арқылы республиканың барлық өңірлерінде бір мезгілде жүзеге асырылады.

Айта кетейік, «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» номинациясы бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Қарағанды «Білім-Инновация» лицей-интернаты үшінші орынды иеленді.

Бүгін, 19 мамырда олимпиада жеңімпаздарын ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады. Біздің команданы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова марапаттап, оқушыларға дипломдар мен медальдар тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған