Қарағанды облысының кейбір қалалары мен кенттерінде жұмыс орнынан берілген қағаз анықтамалар жарамсыз болады

2020 жылғы 18 сәуір сағат 00.00-ден бастап жұмыс орнынан берілген анықтама Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары, сондай-ақ Бұқар Жырау ауданының Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғ. Мұстафин, Петровка елді мекендерінде жарамсыз болады.
Өткізу жүйесі тек электронды түрде жұмыс істейтін болады және тек карантин кезеңінде жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпорындар тізімінен құрылады.

Егер сіз жеке автокөлікпен, велосипедпен жұмысқа барсаңыз, жаяу жүрсеңіз, қала аудандары арасындағы жұмыс бойынша қозғалсаңыз электрондық базадағы тізімде болуыңыз керек.
Өтінішті тек жұмыс беруші ғана рropusk.kz сайтында онлайн режимінде ғана беруі тиіс. Аталмыш сайт 2020 жылдың 17 сәуірінен бастап жұмыс істей бастайды.

Егер кәсіпорындардың қызметі қабылданған нормалармен реттелмеген болса, жергілікті әкімдіктер өтінімді қабылдамау құқығын өзіне қалдыратынына назар аударамыз.
Бұл шара халық ағынын азайтуға бағытталған, себебі карантиндік режимді бұзу және жарамсыз анықтамалар беру фактілері тіркелген.

Электрондық базаны енгізу арқасында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары күшейтіледі.
Маңызды: рұқсаттамалар мен арнайы рұқсаттар берілмейді! Тек электрондық база жұмыс істейтін болады.
Қосымша сұрақтарға жауаптарды электронды деректер базасы бойынша 109 нөміріне қоңырау шалып, алуға болады.
Қарағанды облысының басқа қалалары мен аудандарында электрондық базаны енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және жұмыс орнынан қағаз анықтамалар әлі де жарамды болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған