Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.06.2021 ж. №23 жаңа қаулысы шығарылды

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.06.2021 ж. №23 жаңа қаулысы шығарылды, осы қаулының негізі ретінде бұрын қолданыста болған барлық қаулылар алынды, бұл ретте мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, атап айтқанда:

«Ashyq»жобасын пайдалану кезінде қызметі толығымен тоқтатылады, оның ішінде:

– Аквапарктер,  оның ішінде орналасқан бассейндер

– Жағажайлар, оның ішінде рұқсат етілмеген;

– Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар;

– Аттракциондар, оның ішінде ашық ауада орналасқан;

– Облысаралық және қалалық тұрақты емес «туристік» тасымалдар

– Жеке кеме қатынасы құралдарын жеке пайдалануды қоспағанда, серуендеуге арналған кеме қатынасы құралдары (теплоходтар, катерлер, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және т. б.)

Бассейндердің жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуі тоқтатылады,»Ashyq» жобасы пайдаланылатын объектілерді қоспағанда, оларға тек жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі және демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Сенбі және жексенбі күндері қызметке бұрын қолданылған тыйым салудан басқа, жұмыс күндері  шектеу енгізілді:

-Сауналар, СПА-орталықтары, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес-клубтары, фитнес-орталықтары және йога орталықтарын қоса алғанда «Ashyq» қосымшасын пайдаланбай сағат 20.00-ге дейін шектеу іс – шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне қойылатын талаптарды сақтай отырып;

– Сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес тауарларды сататын сауда желілері, көтерме-тарату орталықтары (осы объектілерде вакцинация пункттерінің орналасуына қарамастан), ауданы 2000 ш. м. дейін азық түлік емес дүкендер (жеке тұрған), супермаркеттердің ішінде дәріханалардың орналасқандарын қоспағанда, жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), сағат 17.00-ге дейін;

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген объектілерде «Ashyq» қосымшасын пайдаланған кезде де демалыс(сенбі және жексенбі) және мереке күндері қызметі тоқтатылады.

Бұдан басқа, діни объектілерде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар, дұға үйлері және т .б.), оның ішінде ашық ауада (жұма намазы, айт намазы, литургиялар, масса, аптимица және т. б.) ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтану объектілерінде (үй-жайда), оның ішінде «Ashyq» жобасы пайдаланылатын дәмхана, мейрамхана, бар, асхана және банкет залдарында жұмыс аралығы түнгі сағат 2.00-ден 22.00-ге дейін қысқартылған. Балалар ойнау алаңы кешкі сағат 24.00 – ге дейін (бұрын 2.00-ге дейін).

Бұдан басқа, бұрын қолданыста болған ойын-сауық, бұқаралық, ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу шараларын, сондай-ақ конференциялар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдерді т.б. өткізуге және мәдени-бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салынады.

            Қаулы 2021 жылғы 13 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған