Қарағанды облысының АӨК-де жалпы сомасы 33,3 млрд теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бүгінде Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешенінде жалпы сомасы 33,3 млрд.теңгеге 1 567 жұмыс орнын құрумен 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мал шаруашылығы да тұрақты дамып келеді. Мал басы мен өнім өндірісі артып келеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

– Биыл біз жақсы өнім жинадық, миллион тоннадан астам астық бастырдық, оның үштен екісі жоғары сапалы бидай. Бұл 2019 жылғы деңгейден 22,6%-ға артық, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 270 мың тоннаға жуық картоп пен 53 мың тонна көкөніс жинады.

Өңірдегі барлық 126 көкөніс сақтау қоймасы толтырылған. Сондай-ақ резервтік және тұрақтандыру қорлары құрылды: астық – 36,3 мың тонна, картоп – 4 051 тонна және көкөніс – 660 тонна.

Агроөнеркәсіптік кешенде қабылданып жатқан шаралар бағаның өзгеруіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Жалпы, бүгінгі таңда облыста азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған