Қарағанды облысында Үздік тәлімгер таңдалды

Қарағанды облысында «Үздік тәлімгер – 2021» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Оған өңір мектептерінен 36 тәлімгер қатысты. Финалға Балқаш, Саран, Абай, Бұқар жырау, Осакаров және Қарқаралы аудандарының алты аға тәлімгерлері шықты.

Байқаудың қорытынды турында қатысушылар «құттықтау», «педагогикалық жағдай», «ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылықтар» секцияларында кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Бірінші орынды Қарқаралы ауданының №16 мектебінің аға тәлімгері Бибігүл Қанафина, екінші орынды Балқаштың №17 мектеп-лицейінің аға тәлімгері Аяжан Есенбаева, үшінші орынды Осакаров ауданының №29 мектебінің аға тәлімгері Рауа Дүреймбай иеленді.

Басқа финалистер белгілі бір номинацияларда атап өтілді. «Тәжірибе және шеберлік» бөлімінде Бұқар Жырау ауданы Юрий Гагарин атындағы мектептен Татьяна Оленич, ал «Өз ісінің шебері» бөлімінде Саран қаласының №2 мектебінен Илья Карпов жеңіске жетті. «Жеңіске ұмтылысы үшін» номинациясында Абай ауданының Құрма тірек мектебінен Ботакөз Адамбаева үздік атанды.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған