Қарағанды облысында үздік мәдениет және өнер қызметкерлерін таңдайды

Қарағанды облысында үздік мәдениет және өнер қайраткерлері атап өтіледі. Осы мақсатта өңір әкімінің жыл сайынғы сыйлығын тағайындау бойынша конкурс өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға қызметі келесідей өлшемшарттарға сәйкес келетін мәдениет және өнер қызметкерлері шақырылады:

1) қоғамдық және кәсіби тұрғыда танылған облыстың мәдениеті мен өнерін сақтау мен дамытуға қосқан елеулі жеке үлесі;

2) кәсіби шеберлікті үнемі жетілдіру;

3) қызметте инновациялық нысандар мен әдістерді пайдалану;

4) тиісті кәсіптік білім беру;

5) мәдениет саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Шектеу шараларына байланысты конкурсқа материалдар электрондық пошта арқылы қабылданады: temirova_g@bk.ru.

Сыйлық лауреаттарына үміткер ұсынымына басшының қолы қойылып, сканерленген нұсқада,  ал қалған құжаттар – Word форматында жіберілуі қажет.

Материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 23 сәуір.

Конкурс бойынша қосымша ақпаратты Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан алуға болады: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32, каб. 205, 204. Анықтама телефондары: (8-7212) 42-30-09, 42-30-06.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған