Қарағанды облысында үздік дене шынықтыру пәні мұғалімін таңдады

Қарағанды облысында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2021» онлайн-байқауының қорытындысы шығарылды. Биыл байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

Облыстық кезеңге Қарағанды өңірінің жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдерінен қалалар мен аудандар деңгейінде іріктеу кезеңінен өткен 17 өтінім келіп түсті.

Байқауға қатысушылар тұсаукесер түрінде визит карточкасын, қысқа мерзімге арналған сабақ жоспарларын, екі бейнесабаққа сілтемелерді (ашық сабақ – 40 минут және қашықтықтан – 20 минут) және сыныптан тыс іс-шара әзірлемесін ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша Шахтинск қаласынан Инна Перепелица Гран-при алды. Ол «№7 ЖББМ» КММ жұмыс істейді.

Бірінші орын «№4 ЖББМ» КММ (Балқаш қаласы) Александр Варкулевичке бұйырды.

Екінші орынды қарағандылық Саулат Байжұманова (№22 МИ) және Сатбаев қаласының мұғалімі Ирина Овчаренко (С. Сейфуллин атындағы гимназия) бөлісті.

Үшінші орынды Н. Нұрмақов атындағы ЖОББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұржан Тәуекел, Осакаров ауданының №12 тірек мектебінің (РО) оқытушысы Александр Митин және Жаңаарқа ауданының С. Сейфуллин атындағы ЖОББМ-нен Асылан Қасым иеленді.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған