Қарағанды облысында медициналық маскалар шығарыла бастады

Қарағанды облысында медициналық маскалар тапшылығы болмайды. Қарағандыда тұрғындардың бұл өнімге деген сұранысын қанағаттандыруға дайын кәсіпорын бар. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровқа жергілікті медициналық өнімдер жақын арада дәріханаларға жіберілетіні айтылды.


– Медициналық маскалар шығаратын машина сатып алдық. Ол бір минутта 100-120 дана шығаруға қауқарлы. Біздің маскалар үш қабатты. Біз облыс тұрғындарының инфекциядан қорғаныс қажеттілігін толығымен жаба аламыз, – деді «MФ «Meрей» ЖШС директоры Қанат Наурызбаев.
Өз кезегінде Әлішер Әбдіқадыров әлеуметтік дәріханаларды маскалармен қамтамасыз етуді бастау керек екенін атап өтті. Өнімдер ең алдымен қарағандылықтардың қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек. Кез-келген экспорт туралы әңгіме болуы мүмкін емес.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, маскаларға сұраныс баршылық. Қазір кәсіпорын маскалар барлығына жету үшін жұмыстарды бастауға дайын.
Әкім орынбасары сондай-ақ Сарандағы жеке гигиена және үй-жайларды дезинфекциялауға арналған антисептикалық заттар шығаратын кәсіпорында болды. Оның қуаттылығы сағатына 2000 бөтелке, яғни тәулігіне 1000 литр.
– Қазақстанда біз тәрізді осындай төрт өндіріс орны бар. Біздің бағаларымыз төмен. Біз медициналық мекемелерге өнімдерді жеткіземіз және бүкіл Қарағанды облысын дезинфекциялық заттармен толық қамтамасыз етеміз, – деді «Грос Фарм»ЖШС директорының орынбасары Михаил Момчелидзе.
Әлішер Әбдіқадыров өндірушеге дәріханалармен жұмыс жасауды ұсынды.
Жергілікті өндірушілер облыс тұрғындарын маскалармен ғана емес, сондай-ақ қолға арналған антисептиктермен де қамтамасыз етуге уәде берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған