Қарағанды облысында халық санағын өткізу үшін 2 600-ге жуық адам жұмылдырылмақ

Бірінші маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық халық санағының дайындық кезеңі басталды. Айдың соңына дейін елді мекендерде тізім жасау қажет. Интервьюерлер тұрғындар санын анықтау үшін аралау жұмыстарын жүргізеді.

Қарағанды облысының статистика департаментінде алты қызметкерден тұратын штаттан тыс бөлім құрылды. Олар ұйымдастырушылық сұрақтармен айналысады және уақытша санақ қызметкерлерінің жұмысын бақылайды.

Облыс әкімдігінде ұлттық санақты өткізуге жәрдемдесу жөніндегі өңірлік комиссия құрылды. Оны облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Бақтияр Айешев басқарады. Аталмыш комиссия құрамына облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері кірді.

Өңірдегі дайындық кезеңіне 80 нұсқаушы-бақылаушы және 570 интервьюер тартылады. Санақ жүргізу үшін барлығы 2 600 адам қажет. 24 қыркүйек пен 7 қараша аралығында 240-қа жуық нұсқаушы-бақылаушыны және 1-30 қараша аралығында 1 700 интервьюерді жалдау жоспарлануда.

Қалалар мен аудандарда санақ бойынша 73 уәкіл жұмыс істейтін болады. Олардың міндеттері ауқымды: ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынан бастап, хат жазушылардың қызметін үйлестіруге дейін.

Уақытша санақ жүргізуші қызметкерлер жиналған дербес ақпаратты енгізуге арналған арнайы мобильді қосымшадағы планшетте жұмыс істеуге үйретіледі.

Аралау кезінде интервьюерлердің өзімен бірге фотосуреті бар куәлігі болуы міндетті. Оларды халық санағының символикасы бар көк түсті арнайы қоржынмен қамтамасыз етеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар бірыңғай call-орталыққа 1446 нөміріне хабарласа алады. 8-8000-800-878 нөмірі де жарамды болады. Call-орталыққа қоңырау шалу тегін.

Санақ өткізу кезеңінде жұмысқа орналасу мәселелері бойынша облыстық статистика департаментіне немесе аумақтық басқармаларға жүгінуге болады. Қызметкерлерді қабылдау туралы толық ақпарат Департаменттің сайтында орналастырылған: www.stat.gov.kz/Регионы/Карагандинская облыс (https://stat.gov.kz/region/256619/news/ESTAT418474) және Facebook әлеуметтік желілерінде (www.facebook.com/Statistika.krg), Instagram (https://www.instagram.com/departament_statistiki_krg/), «ВКонтакте» (https://vk.com/id447738530).

2021 жылғы ұлттық санақ 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Оның ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды!». Санаққа қатысуды дәстүрлі түрде де (яғни ауланы аралау арқылы), сондай-ақ онлайн (интернет арқылы sanaq.gov.kz сайтында ЭЦҚ көмегімен) қабылдауға болады. Қазақстандықтар өздері үшін ыңғайлы әдісті таңдайды.

Мобильді азаматтар үшін Aitu мобильді қосымшасы арқылы ұлттық санақтан өту мүмкіндігі қарастырылған.

Санақ кезінде азаматтар 87 сұраққа жауап беруі керек. 2009 жылғы ұлттық санақпен салыстырғанда көші-қон, жұмыспен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл меңгеру мәселелері кеңейтілді. Сондай-ақ, мүгедектік мәселелеріне назар аударылатын болады.

Қарағанды облысының статистика департаментінің ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.