Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қарағанды облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес облыс «қызыл» аймақта орналасқан.
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегіне барлығы 96 446 зертханалық расталған жағдай тіркелген, өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 304 жаңа жағдайы тіркелген. Облыста коронавирустық инфекциядан 323 адам аурудан сауықты.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші – 6768,8, оның ішінде симптомдары бар науқастар – 79,2%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 20,8%.
21 қыркүйекте облыста коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 509 693 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентті 442 893 адам алды. Инфекцияны жұқтыру деңгейі, пациенттердің ауруханаға түсу көрсеткіштері біртіндеп төмендеуде, бірақ бұл карантиндік шараларды сақтамауға себеп емес.
Әлемдегі миллиондаған адамдардың өмірін қиған, екі жылға жуық созылған пандемиядан аман өтіп, бұл инфекциядан құтылудың жалғыз дұрыс жолы ұжымдық иммунитетті алу екенін түсінеміз және бұл Қазақстанда белсенді қарқынмен жүргізіліп жатқан жаппай вакцинация жағдайында ғана мүмкін. Бүгінгі таңда елімізде КВИ-ға қарсы вакцинаның I компонентімен 7 млн-нан астам адам егілді, ал вакцинацияның толық курсынан 6 млн-нан астам қазақстандық өтті.
Облыстың әрбір тұрғынын азаматтық сана-сезім танытуға және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациясына таңдау жасауға шақырамыз.
Қарағанды облысының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті