Қарағанды облысында COVID-19 бойынша 20 қыркүйектегі жағдай

Қарағанды облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақталуда, ағымдағы жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша Қарағанды облысында барлығы коронавирустық инфекцияның 96 142 жағдайы, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 340 жаңа жағдайы тіркелді.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 6747,4, құрады, оның ішінде симптомдары бар науқастар – 79,2%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 20,9 %.

Ағымдағы жылдың басынан үйлестіру орталықтарының жедел хабарламалары негізінде Департаменттің аумақтық басқармалары 563-тен астам жоспардан тыс тексеру жүргізді, сонымен қатар басқармаларға құқық қорғау органдарынан 1405-тен астам материал келіп түсті.
Карантин режимін бұзу деректері бойынша бизнес объектілеріндегі және объектілерден тыс жеке тұлғалардың құқық бұзушылықтар фактілері бойынша 1584 айыппұлдар 126 млн. теңгеден астам сомаға салынды, оның ішінде:
жұмыс режимі шектеуін бұзғаны үшін – 122;
карантин режимін бұзғаны үшін – 199;
маска режимін сақтамағаны үшін – 965;
отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтой және т.б.) өткізгені үшін – 184;
дезрежимін сақтамағаны үшін (антисептик, дезкілемше және т. б. болмауы) – 10;
адамдардың шектеу санын сақтамағаны үшін – 24;
БМСД қаулыларының талаптарын және т.б. бұзғаны үшін – 103.

Облыс кәсіпкерлері мен тұрғындарын барлық карантиндік шектеулерді сақтауға шақырамыз! Естеріңізде болсын: материалдық шығындардан басқа, талаптарды сақтамау басқалардың, соның ішінде Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді!

Қарағанды облысының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған