Қарағанды облысында а. ж. 8 қазан сағат 10-00-дегі жағдайы бойынша 467 564 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті
Қарағанды облысында ағымдағы жылғы 8 қазан сағат 10-00-дегі жағдайы бойынша 467 564 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 34%-ды құрайды.
Облыс аймақтары бойынша Ұлытау ауданы көшбасшы. Онда 53,4% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Нұра ауданында (45,9%) және Приозер қаласында (44%) қамтамасыз етілген.
Ең төмен қамтылу Шахтинск және Қарағанды қалаларында белгіленді, онда халықтың сәйкесінше 32% және 29,8%-ы онлайн санақтан өткен.