Қарағанды облысында а. ж. 27 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 340 743 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті

Қарағанды облысында ағымдағы жылғы 27 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 340 743 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 24,8%-ды құрайды.
Облыс аймақтары бойынша Ұлытау ауданы көшбасшы. Онда 41,6% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Нұра ауданында (40%) және Приозер (33,4%) қаласында қамтамсыз етілген.
Қарағанды және Сәтбаев қалаларында ең төмен қамтылғаны белгіленді, онлайн санақтан өткендер сәйкесінше 21,7% және 21,6% халық саналды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған