Қарағанды облысынан 1 200-ден астам жаңа шақырылушы ҚР Қарулы Күштерінің қатарын толықтырады

Көктемгі шақыру: Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін әскери командалар құрады. Барлығы біздің өңірден маусым айының соңына дейін 1 200-ден астам адамды шақыру жоспарланып отыр.

– Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша ҚР Қарулы Күштері қатарына 300-ге жуық жаңа шақырылушы шақырылған. Шымкент, Ақтау және Гвардейск гарнизондарының әскери бөлімдері құрылып, командалар жіберілді. Әскерге шақырылушыларды Талдықорған, Аягөз, Қапшағай және Семей гарнизондарына жөнелтуге дайындауда, – деді департамент бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы подполковник Рустам Жалбинов.

Әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдер бойынша іріктеу және бөлу кезінде олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі.

Әскерге шақыруға үміткерлер және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің шақыру комиссияларынан консультация ала алады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты көктемгі шақыру барысында әскерге шақырылушыларға ПТР-зерттеу екі рет жүргізіледі: шақыру кезінде жинау пунктінде және толықтыру келгеннен кейін әскери бөлімдерде.

Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ақпараты бойыншал

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған