Қарағанды облысы «сары»  аймаққа енді!

 

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс бүгіннен бастап «сары» аймаққа ауысты.

Айта кетейік, өткен тәулікте облыста COVID-19 жұқтырудың 142 жаңа жағдайы тіркелді.

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.12.2020 жылғы №68 қаулысы негізінде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Бұл ретте, шектеу шараларын жеңілдету эпидемиологиялық ахуал 7 күн ішінде тұрақтанған жағдайда жүргізіледі, осылайша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Қарағанды облысының СЭБД баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған