Қарағанды облысы аумағында карантинді енгізу туралы Жарлық

Мен, Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асқаров Қ. Қ., Қазақстан Республикасында, оның ішінде Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында жаңа COVID-2019 коронавирусынан туындаған инфекция (бұдан әрі – КВИ) оқиғаларының тіркелуі туралы материалдарды қарастырып, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1 бабының 1 тармағы 13) тармақшасы және 150 бабын, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 шешімін, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №30-ПГВр Қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес, облыста КВИ әкелінуі және таралуын ескерту мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қарағанды облысының, Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары, сонымен бірге Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғабиден Мұстафин атындағы, Бұқар жырау ауданының Петровка елді мекендерінде 2020 жылғы 7 сәуірде сағат 00.00 бастап карантин режимі кәсіпкерлік және (немесе) басқа қызмет түрлеріне және халықтың тыныс-тіршілігіне ерекше жағдайлар анықтау арқылы енгізілсін.

2. Қарағанды облысының (Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары, сонымен бірге Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғабиден Мұстафин атындағы, Бұқар жырау ауданының Петровка елді мекендерін қоспағанда) тұрғындары:
1) төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 шешіміне сәйкес төтенше жағдай режимін сақтауды;
2) азаматтардың үйлерінен шығуларын, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сатып алу, жұмысқа шығу және банктік операцияларды жасауды қоспағанда, мейлінше шектеу;
3) сауда және дәріхана объектілеріне барғанда және қоғамдық көлікті пайдаланғанда, сонымен бірге жұмыс орындарында бір-бірінен екі метрден кем емес арақашықтықты сақтау;
4) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (түшкіру, жөтелу, температура) білінгенде медициналық ұйымдарға бармастан, 103 номері арқылы жедел медициналық көмекті шақырту арқылы шұғыл түрде үйдегі медициналық көмекке жүгіну;
5) көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен (отбасы мүшелерін қоспағанда) жиналуға тыйым салынуды;
6) кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынсын;
7) 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуларын шектеу ұсынылсын;
8) адамды жерлеу рәсімін өткізу кезінде екі метрден кем емес арақашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан астам (негізінен алғанда отбасы мүшелері) жиналуына жол бермеуді қамтамасыз етсін.

3. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары, сонымен бірге Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғабиден Мұстафин атындағы, Бұқар жырау ауданының Петровка елді мекендерінің тұрғындары:
1) төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 шешіміне сәйкес төтенше жағдай режимін сақтауды;
2) азаматтардың тұрғылықты жерлерінен шығуларына тыйым салуды, келесі жағдайларды қоспағанда:
– тұрғылықты мекенжайынан жұмыс орнына дейін және кері қайтуын;
– азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды тұрғылықты жерінен және (немесе) жұмыс орнынан 1500 метрден аспайтын радиуста орналасқан дүкендерден және дәріханалардан сатып алуын;
– медицина мекемелеріне тек шұғыл жағдайларда баруын;
– тұрғылықты жерінен 500 метрден аспайтын радиуста үй жануарларын (карантиндік кіреберісте және үйлерде тұратындарынан басқасын) серуендетуді, сонымен бірге шұғыл жағдайларда жақын орналасқан ветеринарлық клиникаға баруын;
– жанар-жағар майды сатып алу үшін жақын орналасқан жанармай станцияларына баруын;
– банк операцияларын жасауды;
3) сауда және дәріхана объектілеріне барғанда, сонымен бірге жұмыс орындарында бір-бірінен екі метрден кем емес арақашықтықты сақтауды;
4) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (түшкіру, жөтелу, температура) білінгенде медициналық ұйымдарға бармастан, 103 номері арқылы жедел медициналық көмекті шақырту арқылы шұғыл түрде үйдегі медициналық көмекке жүгінуді;
5) көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен (отбасы мүшелерін қоспағанда) жиналуға тыйым салынады;
6) кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынуын;
7) 65 жастан асқан адамдарға тұрғылықты жерлерінен өте қажет болғанда ғана көшеге шығуларын шектеуді;
8) адамды жерлеу рәсімін өткізу кезінде екі метрден кем емес арақашықтықты сақтай отырып 10 адамнан астам (негізінен алғанда отбасы мүшелері) жиналуына жол бермеуді қамтамасыз етсін.

4. Қоғамдық тамақтану саласындағы (фуд-корттар, мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар, кулинария, кофе, тойхана, банкет залдары, донер, лобби барлар, лаундж барлар, тез тамақтану пункттері және т. б.) кәсіпкерлік субъектілері (объектілері), өнеркәсіптік кәсіпорындарының тамақтану пунктерін қоспағанда, санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейтсін:
1) жеткізу қызметін немесе өзге де жеткізу қызметтері көмегімен тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) тұтынушыға дейін тауардың орап-қапталған түрінде жеткізу, қызметін 22.00-ге дейін шектеу арқылы, жүзеге асыруға;
2) жұмыс кезінде персоналдың бір реттік қолғаптарды және маскаларды (маскаларды 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстырып) пайдалануын қамтамасыз ету;
3) жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау және т.б.) көріністері бар персоналдың жұмыс істеуіне рұқсат етпеу;
4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттарды қолдануды, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
5) жұмыстың әрбір 3 сағатында және жұмыс ауысымы аяқталған соң үй-жайларда желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дезинфекциялау салфеткаларымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) есік тұтқаларын, үстелдер, орындық арқаларын (кресло шынтақ сүйенішін), эскалатор тұтқаларын, баспалдақтар, есіктер, лифтілер, едендер, қолды жуу раковиналарын, жабдықтарды және т.б. сүрту арқылы ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуді;
6) объект аумағын дезинфекциялау құралдарымен күніне 1 реттен кем емес тазалауды;
7) объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен су шашу әдісімен үнемі суландыруды;
8) әр 3 сағат сайын дәретханаларды арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы жинай отырып, күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу;
9) халыққа қызметті ауысымында кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаптармен (аспазшылар, экспедиторлар және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) көрсету қамтамасыз етілсін.

5. Қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік субъектілері (ломбардтар, ақша айырбастау пунктері, банктер, пошта бөлімшелері):
1) объектілерге жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, түшкіру және т.б.) көріністері бар келушілердің кіруіне рұқсат етпеу;
2) объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен су шашу әдісімен үнемі суландыруды;
3) халыққа қызмет көрсетуді ауысымына екі реттен кем емес және жыртылған жағдайда ауыстырылуы тиіс бір реттік қолғаптарда жүргізуді;
4) жұмыс кезінде персоналдың бір реттік маскаларды (3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстыру) пайдалануларын;
5) кіреберісте қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттарды қолдануды, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
6) әр 3 сағат сайын үстелдер, орындықтар, эскалаторлардың таяныштарын, баспалдақтар, есіктер, лифтілер және едендердің және келушілердің қолдары жанасуы мүмкін басқа да жердің үстіңгі бетін арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізуді;
7) келушілер арасында коронавирустың алдын алу туралы жадынамаларды таратуды қамтамасыз етсін.

6. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың субъектілері (объектілері) міндетті түрде:
1) объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен су шашу әдісімен үнемі суландыруды;
2) қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнату, санитайзерлерде ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттарды қолдану;
3) объектіге (өткізу пунктінде) кірген кезде қызметкерлермен қатынасты болдырмайтын термометрді (пирометрлерді) пайдалану;
4) вирустық инфекциямен (жөтелдің, тұмаудың, жоғары температураның болуы) күдікті адамдар анықталған кезде объектіге баруына рұқсат етпеу;
5) вирустық инфекция көріністері бар адамдарды уақытша оқшаулау үшін оқшаулау орнын қарастыру;
6) әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен турникеттерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, баспалдақтардың сүйеніштерін және жалпы пайдаланымдағы басқа да үстіңгі бетті өңдеу арқылы күшейтілген дезинфекциялау режимі;
7) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дезинфекциялау режимінің сақталуын қамтамасыз ету (күніне 3 реттен кем емес ылғалды жинау жүргізу);
8) үй-жайларды үнемі желдетуді, қажет болған жағдайда бактерицидті шамдардың көмегімен үй-жайлардың ауасын зарарсыздандыруды жүргізу;
9) ауысым соңында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, барлық үй-жайларды күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу;
10) объектіге кіретін және шығатын жерлердегі аумақты ауысымына кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеуді;
11) тамақтану пунктерінде келесі шаралар:
– өзіне қызмет етуге тыйым салуды;
– жұмыс кезінде персоналдың бір реттік қолғаптарды және маскаларды (3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстыру) пайдалануды;
– объектілерге жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау және т. б.) көріністері бар персоналдың жұмыс істеуіне рұқсат етпеу;
– қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнату, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттарды қолдану, бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
– жұмыстың әрбір 3 сағатында және жұмыс ауысымы аяқталған соң үй-жайларда желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дезинфекциялау салфеткаларымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) есік тұтқаларын, тұтқыштарды, үстелдер, орындық арқаларын (кресло шынтақ сүйенішін), эскалатор тұтқаларын, баспалдақтар, есіктер, лифтілер, едендер, түскі ас залына (асханаға) кіреберісте қол жууға арналған раковиналарды, өзіне қызмет көрсету сөрелерін және т.б. сүрту арқылы ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуді;
– объекті аумағын дезинфекциялау құралдарымен күніне 1 реттен кем емес өңдеуді;
– объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен су шашу әдісімен үнемі суландыруды;
– әр 3 сағат сайын дәретханаларды арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы жинай отырып, күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізуді қамтамасыз етсін.

7. Барлық меншік түріндегі ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары:
1) қызметшілерді жұмыс орындарын сақталуын қамтамасыз ету және ақылы демалыстарды беру арқылы қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру мәселесін қарастыру;
2) барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып қызметшілердің орналасқан жерлерінен жұмыс орнына жету және кері қайтулары үшін орталықтандырылған тасымалдауды ұйымдастыру;
3) өздерінің қызметкерлері және клиенттердің қауіпсіздіктері, келесі шараларды қолдану арқылы:
– қызметшілерге қолғаптар және бір реттік маскаларды тарату;
– үй-жайларын күніне 2 реттен кем емес ылғалды жинау және дезинфекциялау;
– дүкендер, дәріханалар, медициналық мекемелер және басқа да ұйымдарға кіретін және шығатын жерлерінде санитайзерлердің орнатылуын;
– үй-жайлары ішінде – 20 шаршы метрге 1 адамнан асырмай адамдар санының шектелуін қатаң сақтауды;
– үй жанындағы азық-түлік дүкендеріне және дәріханаларға бір уақытта – 2 адамнан аспай кірулері;
– үй-жайлары ішінде және сырттарында кезекте 5 адамға дейін шектелуін бақылау арқылы қамтамасыз етсін.

8. Қарағанды бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, санитариялық-карантиндік бақылау бөлімі (бұдан әрі – СКББ), аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында рұқсат ету пунктерінде шетелден келетін барлық адамдарға (оның ішінде ұшқыштар, бортсеріктер, машинистер, жолсерік, жүргізуші, тасымалдаушылар және басқалар) міндетті термометрия жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында рұқсат ету пунктерінде халықаралық әуежайларда, теміржол көлігі және автоөткелдерінде жолаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер, машинистер және жолсеріктерге сауалнама жүргізілуін;
3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің веб қосымшасына бере отырып бекітілген нысанға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде сауалнаманы тану жүйесінің деректерін өңдеуді жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында рұқсат ету пунктерінде санитариялық-карантиндік пунктері мамандарының тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) және дезинфекциялық құралдармен жабдықтауды;
5) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар және жолаушылар арасында COVID-19 таралуының профилактикасы және ескерту бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
6) COVID-19-дың таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі үгіт парақтарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша дауысзорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды ақпараттандыруды;
7) COVID-19-дың әкеліну және әлемде таралу қаупінің жағдайларында Қазақстаннан шығатын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетелден келетін барлық азаматтарға оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды;
8) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;
9) Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне COVID-19-дың таралуының профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін.

9. Аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарма басшылары:
1) COVID-19-бен науқастарды анықтау:
– үй ошақтарында және жұмыс, оқу орнын, бортты келу рейсын көрсету арқылы жақын байланысты (ЖБ) анықтауды;
– басқа ошақтар, болу орны (жұмыс, оқу және басқа) және бортты келу рейсын көрсету арқылы ықтимал байланысты (ЫБ) анықтауды;
2) COVID-19-бен науқастардың ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етсін.

10. Қарағанды облысының қалалық және аудандық әкімдері:
1) Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету Өңірлік жедел штаб шешімдерін орындауды;
2) карантинге жұмылдырылған барлық қызметтердің шектеу шараларын жүргізу кезінде биологиялық қауіпсіздіктері режимін, оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті заттармен әрі азық-түлікпен жабдықталуын және жеке басы тазалықтарын сақтау және тосқауыл бекеттерінде шығатын автокөліктерді дезинфекциялық өңдеуді;
3) Қарағанды облысының карантин аймағы периметрін және оған кіру/шығу пунктерін анықтауды және тосқауыл бекеттерін орналастыруды;
4) карантиндік үй-жайларынан (подъездер, провизорлық, инфекциялық, карантиндік бөлімшелер және т.б.) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған жеке контейнерлерін орнатуды. Аталған қалдықтары бар контейнерлерді кейін дезинфекциялау арқылы, ал оларды жою қауіпті медициналық қалдықтарды жоюға қойылатын талаптарына сәйкес жүргізе отырып арнайы көлікпен шығарылуын;
5) қоғамдық көліктің қозғалысын кезеңмен шектеу;
6) кондоминиумды басқару органдарымен бірлесе отырып:
– тәулігіне 2 реттен кем емес подъездерде, лифтілер, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау және ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуді;
– жеке және заңды тұлғалар үшін хабарландыру тақталарында және жалпыға бірдей қолжетімді орындарда шектеулер туралы жадынамалардың орналасуын қамтамасыз етсін.

11. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары, сонымен бірге Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғабиден Мұстафин атындағы, Бұқар жырау ауданының Петровка елді мекендерінің әкімдері:
1) Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары, сонымен бірге Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғабиден Мұстафин атындағы, Бұқар жырау ауданының Петровка елді мекендерінің карантиндік аймақтарының біріңғай периметрін анықтау және оларға кіру/шығу пунктерін және тосқауыл бекеттерін белгілеуді;
2) Теміртау қаласының карантин аймағының біріңғай периметрін анықтауды;
3) қоғамдық көлік қозғалысын тоқтатуды;
4) осы қаулыға 1 қосымшада көрсетілген қызмет түрлерін көрсетуші ұйымдар және кәсіпорындарын қоспағанда барлық ұйымдар және меншік нысандарына қарамастан барлық кәсіпорындар қызметін тоқтатуды қамтамасыз етсін.

12. Қарағанды облысының қалалық және аудандық әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар келесілердің енгізілуін және орындалуын бақылауды:
1) COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Қарағанды облысының карантин аймағынан/аймағына адамдардың кіруі-шығуларына тыйым салынуын;
2) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қызметшілердің жеке қатысуларымен азаматтарды жеке қабылдауларын, жиналыс, семинарлар және т.б., шұғыл шешімдерді қабылдауды талап етуші жағдайларды қоспағанда, өткізулеріне тыйым салуды;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында, медициналық жедел көмек көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;
4) бұқаралық іс-шараларды (отбасылық, естелік, мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;
5) көлемі 2000 ш.м. кем емес ірі сауда объектілерінің (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, гипермаркеттер) жұмысын тоқтатуды. Оларда орналасқан азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сататын объектілер сағат 08.00 бастап 22.00-ге дейін жұмыс жасауды;
6) Токио-2020, Олимпиада және Паралимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларды дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, аудан көлеміне қарамастан азық-түлік емес сауда базарлары (олардың көлеміне қарамастан сауда базарлары, дүкендер, бутиктер, салондар және т. б.), барлық түрдегі және типтегі балаларға арналған мектепалды мекемелер, балалар орталықтары, кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), парктер, саябақтар,балалардың ойын алаңдары, адамдар жаппай жиналатын басқа да ойын-сауық объектілері, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т. б.), компьютер клубтары, букмекерлік объектілер (конторалар, клубтар және басқасы), бильярдтар, боулинг-орталықтары және клубтары, шаштараздар,СПА, сән салондары, қоғамдық моншалар, сауналар, солярийлер және басқалары, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар және басқалары) қызметін тоқтата тұруды;
7) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды;
8) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын;
9) барлық әкімшілік ғимараттарда, адамдар көп жиналатын объектілерде, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, моншаларда, авто және теміржол вокзалдарында, әуежайларда, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (ғимараттарға (үй-жайларына) кіреберісте дезинфекциялау барьерлерін, қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету);
10) әрбір рейстің (айналым) алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне екі реттен кем емес), жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерін, олардың таяныштарын қоса алғанда, көшедегі спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, жаппа орындарын, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды, қоғамдық пайдалану орындарын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді;
11) жерүсті қоғамдық жаяу жүргіншілер жолдары, жаяу жүргіншілер жолдарын, саябақтар, алаңдар, теміржолдар және автовокзалдар маңы аумақтарында, автомобиль жолдары және базарлардың аумақтары маңын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді;
12) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды;
13) бизнес-орталықтарының жұмыстары сағат 10.00 бастап сағ. 15.00-ге дейін шектей отырып, оларда орналасқан қоғамдық тамақтану пунктері жұмысын тоқтату арқылы қамтамасыз етсін.

13. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары, сонымен бірге Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғабиден Мұстафинатындағы, Бұқар жырау ауданы Петровка елді мекендерінің екінші деңгейдегі банк филиалдары және бөлімшелері:
1) жұмыс уақыттарын сағат 10:00 бастап 16:00-ге дейін шектеуді;
2) карантин аймағы шегінде инкассаторлар, техникалық қолдау көрсету инженерлеріне т.б. ғана қозғалуына рұқсат етуді.

14. Қарағанды облысының қала және аудандарыәкімдері, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Халтонов А.И.), әуежайлары, теміржолдары, автовокзал, автостанциялар басшылары:
1) 2020 жылғы 7 сәуірде сағат 00.00-ден бастапәуежайлар, теміржол, автовокзалдар, автостанцияларда жолаушылар тасымалы, экипаждың ауысуы арқылы арнайы рейстер, жүк, пошта тасымалдары және техникалық тосқауылдарды қоспағанда («Сары-Арқа» халықаралық әуежайы, Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары, сонымен бірге Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғабиден Мұстафинатындағы, Бұқар жырау ауданы Петровка елді мекендерінің теміржолдары, автовокзал және автостанцияларынан басқасы, оларда жолаушылар тасымалы осы қаулыға қол қойылғаннан бастап тоқтатылады) тоқтатылуын;
2) облысаралық жолаушылар тасымалдарының тоқтатылуын;
3) Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларынан/на бағыттарындағы ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалдарының тоқтатылуын қамтамасыз етсін.

15. Қарағанды облысының қала және аудан әкімдері, кәсіпкерлік субъектілері:
1) 2000 шаршы метрден кем азық-түлік сауда объектілерінің санитариялық және дезинфекциялау шараларын күшейте отырып функцияларын толық орындауды;
2) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Жарлығы және Қаулыларын мүлтіксіз орындалуын;
3) барлық сауда объектілерінде міндетті түрде келесі талаптарды сақтау қажет:
– келушілер ағымын объектіге кіргенде және шыққанда шектеуді;
– ғимараттарға (бутиктер, үй-жайларына және т.б.) кіргенде дезинфекциялық барьерлердің (кілемше) орнатылуын, оның шашу әдісімен дезинфекциялау құралдарымен үнемі сулануын;
– кезектердің 5 адамнан астам болуына жол бермеуді;
– келушілер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықтың сақталуын;
– персоналмен жұмыс кезінде бір реттік маскаларды (маскаларды 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстыру) пайдалануды;
– азық-түлік өнімдерінің, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек қана өлшеп-оралған түрде сатылуын;
– сатып алушыларға қолжетімді бөлке-нан, кондитерлік және басқа да өнімдердің тек қана өлшеп-оралған түрде сатылуын;
– әр 3 сағат сайын үстелдер, орындықтар, эскалаторлардың таяныштарын, баспалдақтар, есіктер, лифтілер және едендердің және келушілердің қолдары жанасуы мүмкін басқа да беттерді арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы күшейтілген дезинфекциялау режимі енгізілсін;
– объектілерде тұрақты түрде желдетуді жүргізе отырып, ағынды-тартқыш құрылғыларын дезинфекциялауды, ауаны сырттан алу арқылы үй-жайлары ауасын сүзгіден өткізу және желдетудің көбейтілуін; әр сатып алушыдан кейін дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы арбалар, себеттердің («шартты кір» аймақта, өңделген соң олар «таза аймаққа» ауыстырылып) өңделуін;
– жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау) көріністері бар персоналға жұмысқа рұқсат етпеу;
– кіреберісте және сауда залында қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттардың қолданылуын, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін; касса аумағында – қолды өңдеу үшін құрамында спирті бар сауыттың (пульверизатор) орнатылуын;
– персоналға жинауға арналған бір реттік қолғаптардың, маскалардың берілуін және уақтылы ауыстырылуын;
– объекті маңы аумағын дезинфекциялау құралдарымен күніне 1 реттен кем емес өңделуін;
– келушілерге арналған коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалардың таратылуын;
– коронавирустың профилактикасы және объектіде қабылданып жатқан шаралар бойынша ақпараттарды аудио- және бейнежазу құралдарының көмегімен трансляциялауды;
– сауда объектілерінде жоғарыда аталған тармақтардың сақталуын қамтамасыз етуші жауапты қызметшілерді бекітуді қамтамасыз етсін.

16. Қарағанды облысының полиция департаменті (Файзуллин Е.Ж.):
1) Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша Өңірлік жедел штабымен бекітілген жайттарды қоспағанда, 2020 жылғы 7 сәуірде сағат 00:00-ден бастап Қарағанды облысының карантин аймағынан/на адамдардың келуі/шығуларына жол бермеуді;
2) Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша Өңірлік жедел штабымен бекітілген жайттарды қоспағанда, Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары, сонымен бірге Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғабиден Мұстафин атындағы, Бұқар жырау ауданының Петровка елді мекендерінің біріңғай карантин аймағынан/на адамдардың келуі/шығуларына жол бермеуді;
3) карантин режимін және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген талаптарды бұзған адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолдануды;
4) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді;
5) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралар қабылдауды;
6) азаматтармен үй карантині режимін көшеге шығу құқығынсыз, ұялы байланысы құралдары арқылы тексере отырып бақылауды;
7) облыс әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету Өңірлік жедел штаб ұсынысы бойынша науқастар және қатынаста болған адамдар тұратын тұрғын-үй кварталдарына тосқауыл қоюды;
8) Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) және/немесе аумақтық ТКҚСҚББ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 науқастарымен байланыстағыларды іздеуді;
9) Департаменттің және/немесе аумақтық ТКҚСҚББ ұсынымдарына сәйкес байланыста болған адамдарды провизорлық және карантиндік стационарларда оқшаулауды;
10) респираторлық инфекцияларының көріністері бар адамдар анықталғанда аумақтық ТКҚСҚББ тәулік бойы телефондары арқылы шұғыл түрде ақпараттауды;
11) провизорлық және карантиндік стационарларды оқшаулау және қорғаудың күшейтілуін;
12) көшелерді, қоғамдық орындарын, парктер, саябақтарды және т.б. енгізілген шектеулер сақталуына тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етсін.

17. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы (Нұрлыбаев Е.Ш.):
1) провизорлық, инфекциялық және карантиндік бөлімшелерде жұмыс істейтін медициналық қызметшілердің және қызмет көрсетуші персоналдың жеке қатысуларымен қандай да болмасын жиналыстар, семинарлар және т.б. өткізулеріне тыйым салуды;
2) COVID-19 бойынша анықталған науқастарды және жақын байланыста болған адамдарды инфекциялық стационарларға шұғыл оқшаулауды;
3) COVID-19-ға клиникалық белгілері бар адамдарды ерте анықтау және оқшаулау мақсатында ішкі карантин аймақтарын бөлек тексеруді;
4) «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ (Досмағамбетова Р.С.) бірлесе отырып медициналық ЖОО-ның жоғары курс, резидентура және интернатура студенттерін ерікті негізде (волонтер) тартылуын;
5) ішкі карантинге жатқызылған (инфекция ошақтарында оқшаулау, үй карантині және өзін-өзі оқшаулау) қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын беруді;
6) аумақтық ТКҚСҚББ науқастарды және байланыста болған адамдарды ауруханаға жатқызу туралы шұғыл түрде ақпараттау;
7) Департаментке 2 сағат ішінде науқастарды және байланыста болған адамдарды ауруханаға жатқызу туралы мәліметтердің (аты-жөндерін, медициналық ұйымдар бойынша) ұсынылуын;
8) COVID-19-ға оң нәтиже берген адамдар ауруханаға жатқызылған стационарлардағы медицина қызметкерлерін және қызмет көрсетуші персоналды 14 күнде бір рет зертханалық тексерілуін;
9) COVID-19-ға оң нәтиже берген адамдар және байланыста болғандар жатқызылған стационарларда медициналық қызметкерлердің және қызмет етуші персоналдың жиналыстарға, семинарларға және т.б. қатысуларына тыйым салуды;
10) тосқауыл бекеттерінде Қарағанды қаласынакелетін және қаласынан шығатын адамдарға, Департаментке мәліметтерді күн сайын беру арқылы қатынассыз термометрия және сауалнама жүргізуді;
11) провизорлық және карантиндік бөлімшелер орналасқан типтік емес объектілерде медперсоналға санитариялық-тұрмыстық жағдайлардың, санитариялық тораптар болмаған жағдайда биодәретханалар қарастырылуын;
12) провизорлық, инфекциялық және карантиндік бөлімшелер (ауруханалар) аумақтарынан шығатын автомобиль көліктерінің дезинфекциялық өңделуін;
13) науқастарға арналған тамақ өнімдерінің бір реттік контейнерлерде жеткізілуін;
14) Департаментке мәліметтерді күн сайын бере отырып, карантин аумақтарынан/на келетін және шығатын адамдардың тосқауыл бекеттерінде қатынассыз термометрия және сауалнамамен қамтылуын жүргізуді қамтамасыз етсін.

18. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қарағанды облысының полиция департаменті:
1) облыстың автомобиль жолдарында санитариялық бекеттерді ұйымдастыру және тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету, температурасы бар адамдарды анықтау үшін тепловизорларды қолдану және оларды оқшаулауды;
2) емделуден және медициналық бақылаудан бас тартатын науқастарды және байланыста болған адамдарды іздеу шараларын қамтамасыз етсін.

19. Барлық жеке меншік түріндегі медициналық ұйымдардың басшылары:
1) провизорлық, инфекциялық және карантиндік стационарларда COVID-19 медициналық көмек көрсетуге тартылған медициналық қызметкерлердің жұмыс ауысымын 6 сағатқа дейін қысқартуды;
2) карантин кезінде МСАК бекітілген тұрғындардың (науқастардың диспансерге алынуы, профилактикалық тексерулер және иммундауды, флюорографиялық тексерулер жүргізу, денсаулық және босануға дайындық мектептерін жүргізу, скринингтік тексерулерді жүргізуді уақытша тоқтатуды) келуін барынша шектеу;
3) ЖРВИ және тұмау белгілері кезінде жүкті әйелдерге және балаларға алғашқы кезектегі және күн сайынғы бақылауды қамтамасыз етсін;
4) шектеу шаралары бойынша ақпараттық-түсінік беру жұмыстарын белсенді жүргізуді;
5) медициналық ұйымдардағы сүзгілер және оқшаулағыштардың жұмыстарын қатаң бақылауға алсын;
6) COVID-19 күдікті жағдай кезінде іс-қимыл жоспары іске қосылсын, COVID-19 күдікті науқасты тексеру, тасымалдау, ошақта жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу, емдеу және қызмет көрсетумен байланысты медициналық қызметкерлер және персоналдың қорғау деңгейі жоғары маскалар немесе респираторларын пайдалануларын;
7) тамақ өнімдеріне арналған орама ыдыстарын дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы өңделуін қамтамасыз етсін.

20. Жеке меншік клиникаларының, стоматология, УДЗ, офтальмология кабинеттері және т.б. басшылары:
1) объектіге кіргенде (өткізу пунктінде) қатынассыз термометрия (пирометрлерді) қолдану арқылы пациенттерге, қызметкерлерге термометрия жүргізуді;
2) объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен сулау әдісімен үнемі суландыру;
3) әр 3 сағат сайын үстелдер, орындықтар, баспалдақтар, есіктер, едендердің және келушілердің қолдары жанасуы мүмкін басқа да беттерді арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізуді;
4) объектілерде тұрақты түрде желдету, әр пациенттен кейін дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы медициналық құрал-жабдықтардың («шартты лас» аймақта, өңдеуден кейін «таза аймаққа» ауыстырылып) өңделуі;
5) жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау) көріністері бар персоналды жұмыс істеуіне рұқсат бермеуді;
6) кіреберісте қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттардың қолданылуын, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
7) жинау жұмыстарымен айналысатын персоналға бір реттік қолғаптардың, маскалардың берілуін және уақтылы ауыстырылуын;
8) объекті маңы аумағын дезинфекциялау құралдарымен күніне 1 реттен кем емес өңделуін;
9) келушілерге арналған коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалардың таратылуын;
10) коронавирустың профилактикасы және объектіде қабылданып жатқан шаралар бойынша ақпараттарды аудио- және бейнежазу құралдарының көмегімен трансляциялауды;
11) жоғарыда аталған тармақтардың сақталуын қамтамасыз етуші жауапты қызметшілерді бекітуді;
12) COVID-19-дың таралуының профилактикасы және ескерту бойынша қызметкерлер арасында нұсқаулық беру және түсіндіру жұмыстарын өткізуді;
13) қабылдау тек қана алдын ала жазылу арқылы жүргізілуін қамтамасыз етсін.

21. Қарағанды облысының білім басқармасы, қала және аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып:
1) 6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға (техникалық мүмкіндік болған жағдайда барынша көшіруді қамтамасыз ету арқылы) көшіруді;
2) каникул және төтенше жағдайдың қолданылуы кезінде оқушылардың экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етсін.

22. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры (Хамитов Т.Н.):
1) COVID-19-ға зертханалық зерттеулердің жүргізілуін, тестілеу нәтижелері туралы шұғыл түрде Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне хабарлауды;
2) COVID-19 ошақтарында дезинфекциялау өткізілуін қамтамасыз етсін.

23. Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес алдыңғы қаулылардың күші жойылды деп танылсын.

24. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

25. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ. Асқаров

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.