Қарағанды облыстық ҚХА «Бейбітшілік және келісім» сабағын өткізеді
Фото: karaganda-region.gov.kz
Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 Сәуірде «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «Бейбітшілік және келісім» сабағын өткізеді. Сабақ ZOOM платформасында өтеді.
– Біздің республикамызда, осы мейірімді және жомарт жерде ғасырлар бойы түрлі этностардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Мұнда бейбітшілік пен өзара түсіністік орнаған. Біздің болашағымыз – Қазақстанның болашағы осыған байланысты. «Құлыншақ» балалар үйі – көп ұлтты. Біз балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетеміз, – дейді Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары Увайс Жанаев.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай сабақтар патриоттық сезімді оятып, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырады.