Қарағанды мен Петропавл арасындағы автобус қатынасы қайта жандануда
10 маусымнан бастап Қарағанды – Петропавл (Щучинск және Көкшетау арқылы) бағыты бойынша автобустардың қозғалысы қайта басталады. Рейс аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Жөнелту уақыты – 15:40.
Билеттерді тәулік бойы интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және «Касса-24» арқылы банктік картаның көмегімен брондауға және сатып алуға болады.
Сондай-ақ автовокзал кассалары мен терминалдарда билеттерді түскі үзіліссіз және демалыссыз 06:00-ден 23:00-ге дейін сатып алу мүмкіндігі бар.