Алғашқы сайлау мәресі
Сайлау учаскелері сағат таңғы 7:00-де өз жұмысын бастап, сағат 20:00-де
өз кандидатына дауыс беруші соңғы сайлаушыны қабылдады.
Сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша, жалпы 8 ауылдық округтегі 14 сайлау учаскесінде 88% тұрғын өз таңдауын жасады.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д. МОЛДАҒАЛИЕВА:
— Аудан бойынша барлық сайлау учаскелерінде құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Санитарлық талаптар сақталып, қалыпты жағдайда өтті. 88 пайыз — бұл жақсы көрсеткіш,—деді.
Ендігі кезекте бюллетен саналып, қорытынды есепті күтеміз.
Гүлім Сембай