Қайырымдылық шаралары   жалғасуда

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бастап, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Қамқор» қайырымдылық марафоны негізінде #BizBirgemiz  акциясы жүргізілуде. Акция барысында ауданның 100 – ден астам аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты қарияларға  және қайырымдылық үйіне бірінші кезектегі қажетті азық – түлік, ет өнімдері таратылды.

Партия мүшелері, «Жас Отан» ЖҚ, «Сарыбел еріктілері», аудан жастары белсене қатысуымен қайырымдылық шаралары   жалғасуда.

dav

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған