Қайтпас жауынгер

   

Сергей Григорьевич Лукьянов Орынбор облысы, Петровский ауданы, Дмитриевка ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Тельман аудандық әскери комиссариатынан шақырту алып, 2-ші Украина майданында, 3-ші Украина майданында соғысқан. Жеңісті Австрияда қарсы алады. 2-дәрежелі Отан соғысы Орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Бейбіт уақытта МТС механизаторы, трактор бригадасының есепшісі, аға агроном, көкөніс өсіруші болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Есіл ауылында тұрады.  1931 жылы сергей 7 жасында ата анасымен бірге Қазақстанға қоныс аударылады.

олар № 5 поселкеде алғашында барактар тұрғызады. Бой көтерген  мектепте  арнайы қоныс аударушылар балаларымен бірге Есіл ауылында 9 сыныпты аяқтайды. Әрі қарай Литвин машина-трактор дәрістерін оқытатын тракторшылар курсынана сауат алып, тәжірибе жинайды.  Кейін доңғалақты тракторда еңбек ете жүріп, Отанын қорғауға 1942 жылы соғысқа аттанады. Майдан даласында арнайы оқыту мақсатында бірінші Гвардиялық механикаландырылған корпуста Оскол өзенін жаудан қорғау үшін алғашқы майдан жорығына қатысады.

Жауынгер Лукьянов Бас қолбасшы маршал И. В. Сталиннен Алғыс хатпен, Қызыл Жұлдыз Орденімен марапатталған. Содан кейін Венгрияны азат етуге қатысып, Австрия майданынан 1947 жылы елге оралады.

Туған ауылына оралған соң еңбек жолын машина-трактор станциясында механизатор, бригада есепшісі, кейін бөлімнің агрономы болып жұмыс істейді. Еңбектен қол үзбей Қарағанды совхоз-техникумында оқып, , одан кейін аға агроном болып қызмет атқарады. Құрметті демалысқа шығар қарсаңда ауыл агрономының еңбегі еленіп, Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.  Соғыс ардагері 97 жасында әлі тың,

Мерейтойлық марапаттар иесі  Сергей Григорьевич Лукьянов – өз елінің шын патриоты, жанқиярлықпен атқарған еңбектері оған мықты денсаулық, ұзақ өмір, төзімді рух, бейбіт өмірдің игілігін тарту етіп отыр.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған