Қадірменді Отан қорғаушылар!
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді Отан қорғаушылар!
Сіздерді мемлекеттік мереке-Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен республиканың Қарулы Күштері құрылды. Сол уақыттан бері атаулы мереке – еліміздің бейбітшілігі пен тыныштығын қорғау мерекесіне 29 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Қарулы Күштері мемлекет институты ретінде қалыптасып, біздің әскеріміз жауынгерлік даярлықта, жоғары деңгейлі қажетті материалдық-техникалық сапалы қорғаныс қаруларымен қамтылған. Әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығы бар. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандық үшін құрметті міндет болып табылады, ал армия жас ұрпақ үшін таптырмайтын өмір мектебі болып саналып, өз елінің патриотын қалыптастыруда. Жастарымыз абыройлы міндетте моральдық және физикалық тұрғыдан шыңдалып келе жатыр. Осы мереке күні Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, интернационалист жауынгерлерге жан қиярлық ерліктері үшін, Қазақстан армиясы қатарында қызмет еткен барлық Отан қорғаушыларына әскери борыштарыңызға адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Ел игілігі, мемлекет мүддесі жолындағы абыройлы қызметіміз табысты болсын!
Нұркен Кобжанов,
Осакаров ауданының әкімі
Қанат Саққұлақов,
аудандық мәслихаттың хатшысы