Бүгінгі күні Осакаров ауданында жұмыссыздарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылы жұмыспен қамтуды қолдаудың түрлі шараларымен мүгедектігі бар 50 адам қамтылды.
Осы жылы 13 мүмкіндігі шектеулі адам Осакаров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Оның 3 — і тұрақты жұмыс орындарына, 10-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.
Сондай-ақ, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына арнайы квота көзделген (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2 пайызы). Ағымдағы жылы осы квота аясында 1 адам жұмысқа орналастырылды.
Бұдан басқа, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобада мүгедек адамдардың әлеуметтік жұмыс орындарына басым қатысуы көзделеді.
Қазіргі уақытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары күнделікті қабылдауда, сондай-ақ брошюралар мен ақпараттық парақшаларды тарату арқылы жүргізіледі. Айына 2 рет Бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.
Instagram және Facebook ресми беттерінде күн сайын өзекті Бос орындар жарияланады.
Қызметтерді өз бетінше алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Бос жұмыс орындарын іздеу үшін мобильді байланыс арқылы электрондық еңбек биржасының порталын пайдалануға болады. Бұдан басқа, жұмыс берушілер ЭЦҚ растай отырып, ЭЕБ-ке тіркелуге және бар бос жұмыс орындарын орналастыруға мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда электрондық еңбек биржасында 441 бос жұмыс орны орналастырылған, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін – 15.

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған