2021 жылғы 4 қазанда Қарағанды облысының статистика департаменті басшысының орынбасары Сәуле Комутова Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде облыс бойынша халық санағы жөнінде интервьюерлер жұмысының басталуы туралы баяндады

2021 жылғы 4 қазанда Қарағанды облысының статистика департаменті басшысының орынбасары Сәуле Комутова Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде облыс бойынша халық санағы жөнінде интервьюерлер жұмысының басталуы туралы баяндады

2021 жылғы 4 қазанда Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Облыс халқының санағы бойынша интервьюерлер жұмысының басталуы туралы» тақырыбы аясында брифинг өтті. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сәуле Комутова интервьюерлермен жаппай аралау кезеңі басталғаны туралы баяндады.

Қазақстанда Жалпыұлттық халық санағының негізгі кезеңінің екінші бөлімі – үйлерді аралау басталды. Бұл туралы Қарағанды облысының статистика департаменті басшысының орынбасары брифингте хабарлады.

«Ұлттық халық санағы бір айдан бері басталды. Өздеріңіз білетіндей, 1 қазаннан бастап интервьюерлер тұрғын үйлерді аралау жұмыстарына кірісті. Бірақ онлайн сауалнамадан өту мүмкіндігі 15 қазанға дейін қол жетімді болады», – деп хабарлады басшының орынбасары.

30 қазанға дейін интервьюерлер барлық тұрғын үй-жайларды аралауды жүзеге асырады, тұратындардан жауап алып, оларды планшеттерге тіркейтін болады. Онлайн санақтан өткені туралы хабарламаны көрсеткен кезде санақ парақтарының сұрақтарына қайта жауап берудің қажеті жоқ. Интервьюер планшетте онлайн санақтан өткені туралы хабарлама нөмірін тіркеп, үй шаруашылығының мүшелерінің барлығы жазылғандығына көз жеткізеді, және осы мекенжай бойынша оның сапары аяқталады.

Егер осы үй-жайда тұрақты тұратындар, уақытша болмағандар немесе уақытша тұратындар қатарындағы біреу онлайн режимінде жазылмаған немесе оның санақтан өткенін растайтын хабарламасы болмаған жағдайда, интервьюер оған қажетті санақ парақтарын толтырады.

Ұлттық санақ жүргізген кезде интервьюерде тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және оның қолдану мерзімі, санақ белгілері бар, сондай-ақ Статистика департаментінің қолы мен мөрі көрсетілген, фотосуреті бар интервьюердің кәуілігі болуы керек. Бұдан басқа, әрбір интервьюерде халық санағының нышандары бар көк портфель мен шарф болады.

Интервьюер куәлігінің шынайылығын сайттан тексеруге болады sanaq.gov.kz. куәліктің жоғарғы бөлігінде тіркеу нөмірі көрсетілген. Осы нөмірге sanaq.gov.kz сайтта қол жеткізуге болады «интервьюерді іздеу» жолында оның деректерін тексеру қажет. Сондай-ақ, интервьюердің тұлғасын 1446 немесе 8 8000 800 878 call-орталығына қоңырау шалу арқылы тексеруге болады.

2021 жылы Ұлттық халық санағы туралы барлық ақпарат sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында www.stat.gov.kz  ресми сайтында, сондай-ақ Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған